Қайырымды қала тұрғындары

Әл–Фарабидің 1150 жылдығына орай «Қайырымды қала тұрғындары» тақырыбында қазақ филологиясы мамандығы 1–курс магистранттарының ұйымдастыруымен онлайн форматта ашық тәрбие сағаты өткізілді  (23.11.2020). Магистранттарымыз Әбу Насыр әл–Фарабидің қайырымды қоғам құрудың қолайлы жолдарын іздейтін алты бөлімді «Қайырымды қала тұрғындары туралы трактаттар» кітабының әр бөлімінде не қарастырылатыны туралы тоқталып, талдап өтті. Әл–Фараби мемлекет саясатының басты мақсаты адамдарды бақытқа жеткізу, игілікпен жеткізу деп санайды. Ол «бақыт дегеніміз — игіліктердің ішіндегі ең қадірлісі, ең үлкені, ең жетілгені» деп атап көрсетеді және әр адамның оған толық құқығы бар дейді. Ал ондай құқыққа ие болып, бақытқа жетуге қайырымды билеушілер билеген қала тұрғындары ғана жете алатындығын айтады. Сонымен қатар магистранттарымыз сұрақ қоя отырып,  әл–Фараби туралы қызықты деректермен де ой бөлісті. Бүгінгі сабақтан тағы бір түйгеніміз магистранттарымыздың ойлары ұшқыр, талдаулары терең, мықты, нағыз ғылымға керек жастар екеніне көз жеткізгендей болдық!