"Advise" студенттерді қолдау орталығы

"Advise" студенттерді қолдау орталығының ережелері

Жалпы ережелер.

1.1. "Advise" студенттерді қолдау орталығы – Болон үдерісі бойынша студенттік бюроның құрылымдық бірлігі. Орталық барлық академиялық мерзім кезеңінде студенттерге академиялық сұрақтарға және академиялық мобильдік мәселелерге кеңес береді. Орталықта әр студент өз мазалаған сұрақтарына жауап ала алады.

1.2. Өз қызметінде Орталық ҚазҰҮ академиялық саясатымен, ҚР білім және ғылым министрлігінің бұйрықтарымен, ҚазҰҮ Студенттің намыс кодексымен, Болон үдерісі бойынша студенттік бюроның бұйрықтарымен басшылық етеді.

1.3. Мақсаттарына жету үшін Орталықпен қолданылатын мүлік Аль-фараби атындағы ҚазҰҮ жеке меншігіне жатады.

1.4. Орталықтың қызмет кағидалары: алынған мәліметтің ашықтылығы, сенімділік аясында ынтымақтастық, сұрақтарға дұрыс шешім табу.

Орталықтың мақсаттары мен міндеттері

2.1. Орталықтың қызмет мақсаты:

- оқу үдерісінің қызметін жақсартылуы.

- академиялық мәселелерде қолдау көрсету.

- оқу үдерісінің менеджменттінде студенттің маңыздылығының жоғарлату.

2.2. Орталықтың міндеттері:

- оқу үдерісі кезеңінде студенттерге қиын жағдайларда және талас мәселелерде қолдау көрсету.

- білім құру жолында мәліметтік қолдау көрсету.

- университетінің құжаттарында өзгерістер болып жатқан жағдайда студенттерге мәлімет беру.

- шетелге барып оқитын студенттерге алғашқы кезеңен шетелге шығардың алдында қолдау көрсету.

- академиялық саясатының мүмкіншіліктерімен толықтай таныстыру.

- бастапқы кезеңінде келіспеушілік жағдайларды алдын алу жолымен студенттердің мәселелерін шешу.

- Орталықта ҚазҰҮ студенттің намыс кодексінің қағидаларын ұстану.

- адалдық қағидаларын әдеттендіру.

- студенттік өмірді реттеу.

3. Орталықтың құрылымы

3.1. Орталықтың басқарушысы

- Орталықты басқаратын директор Болон үдерісі бойынша студенттік бюроның төрағасы сайлайды

- басқарушы орталықтың қызметін жоспарлауына, ұйымдастыруына және жасалнып жатқан жұмыстың бақылауына жауапкершілікті

3.2. Орталықтың хатшысы

- орталықтың директоры хатшыны тағайындайды

- хатшы студенттердің арыстарын, ұсыныстарын және шағымдарын қабылдауға және тіркеуге, академиялық мәселелер бойынша департаментімен өтетін жиналыстардың күнтізбесін жасауға жауапкершілікті.

3.3. Орталықтың штабы

- орталық 10 кеңесшіден тұрады

- кеңесші студенттерді қабылдауға, қиыншылықтардың шешу жолдарын ұсынуға, мәселе толық шешілгенше қолдау көрсетуге, академиялық мобильдік туралы кеңес беруге міндетті.

Орталық Аль-фараби атындағы ҚазҰҮ оқу жөніндегі проректордың қолдауыменен ашылды, академиялық сұрақтар бойынша департаментімен үздіксіз жұмыс атқарады.

Орталық – студентердің және университеттің әкімшілігіне сұхбаттасуға арналған жаңа үлгідегі орын болып табылады.