РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ – ҰЛТТЫҢ ДАМУЫ

25.12.2020

Көрулер: 1648

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті 2020 жылдың 25 желтоқсанында ZOOM платформасында филология ғылымдарының кандидаты Рамазанова Шайгүл Әмірғалиқызы мен қазақ филологиясы 1-курс магистранттарының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру – ұлттың дамуы» тақырыбында кураторлық сабақ өткізілді.

Магистранттарымыз Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы - қарапайым мақала ғана емес, қазақ халқының рухани құндылықтарын қалыпқа түсіру, түгендеу, саралау, заман талабын ескере отырып тура жолға қою және дамытуға арналған бағдарламалық құжат деуге толық негіз бар екенін атай отырып, өз ойларымен бөлісті.