Қасіретім, ар-намысым, мақтанышым – Желтоқсан

15.12.2020

Көрулер: 1508

 

2020 жылдың желтоқсан айының 15-інші жұлдызында Тәуелсіздік күніне орай Қазақ филологиясы мамандығының 4-курс студенттері мен топ эдвайзері Гүлшат Ахметкалиеваның ұйымдастыруымен «Қасіретім, ар-намысым, мақтанышым – Желтоқсан» атты ZOOM платформасында ашық кураторлық сабақ өткізілді. Ашық сабақ филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Өмірбекова Роза Калдыбекқызының қатысуымен өтті. Тәлімді, тағылымды сұхбат болып, бейнежазбалар көрсетіліп, «Желтоқсан желіне» арналған өлең-шумақтары оқылды.