Елбасы – мәңгілік ел көшбасшысы

04.12.2020

Көрулер: 1560

 

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті, қазақ тіл білімі кафедрасында 2020 жылдың 4 қарашасында ZOOM платформасында филология факультетінің 102- топ студенттерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «ЕЛБАСЫ – МӘҢГІЛІК ЕЛ КӨШБАСШЫСЫ» атты ашық кураторлық сағаты өтті.

    Аталмыш танымдық кештің мақсаты: ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру. Елбасының ел үшін жасаған істерін үлгі-өнеге ету. Студенттерді отанды сүюге, елбасы туралы мағлұмат алуға, адамгершілікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу, тәуелсіздікке жету жолында атқарылған жұмыстарға шолу жасай отырып, ұлтжандылықты бойларына дарыту. 

Кеш барысында студенттер өз өнерлерін ортаға салды.

    Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өмір деректерінен(кино үзінділерінен) видео көрсетілді (Исенбай Мадина, Махамбетова Фариза)

    Елбасына арнау өлең оқылды (Құдайберген Аяжан)

    «Елбасы-Мәңгілік елдің көшбасшысы» тақырыбында презентация көрсетілді (Қуаныш Шынайым)

    Әр ел Президенттерінің(өз тілдерінде) Н.Ә.Назарбаев туралы қалдырған ой-пікірлері айтылды (Қанат Перизат-түрік тілінде, Нұрланқызы Айтолқын-ағылшын тілінде, Нұрғали Мөлдір-орыс тілінде)

    Тұңғыш Президент-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жарық көрген кітаптары туралы мағлұмат берілді (Кушкарова Гүлдана, Қоңырбайқызы Айғаным)

    Елбасына арналған «Тапқыр студент» викториналық ойын ұйымдастырылды (Жалғасова Әлия)

    Студенттер өлең- жырларын оқып, ән-күйлерімен көрермендердің көңілінен шықты( қобызшы- Нарзулла Назерке, күйші- Жанболат Батыл және т.б. студенттер)

    Елбасыға арналған танымдық кештің жүргізушілері де өз деңгейінде белсенділік танытты (жүргізушілер:Есмағамбетова Шамшырақ және Қанат Перизат)

     Кешке кафедраның оқытушылары Рамазанова Шайгүл Әмірғалиқызы, Өтемісова Гүлмира Жеткергенқызы, Иманқұлова Салтанат Меркібайқызы қатысып, өз лебіздерін білдірді.

      Кешті ұйымдастырушы: Қазақ тіл білімі кафедрасының доценті м.а., ҚФ 102- топтың куратор -эдвайзері Рая Нұрсұлтанқызы Дәрменқұлова