Елбасы жолы – ерлік пен елдіктің жолы

30.11.2020

Көрулер: 1489

 

2020 жылдың 30 қарашасында, ZOOM платформасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, филология ғылымдарының кандидаты Өтемісова Гүлмира Жеткергенқызы, өзінің куратор-эдвайзерлік ҚФ-103 оқу тобымен 1-желтоқсан «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» күніне орай «Елбасы жолы – ерлік пен елдіктің жолы» атты ашық-кураторлық сағатын өткізді. Тағылымы мол сағатта, Жігіт Нұрсұлтан мен Анасының арасындағы өмірлік шындыққа айналған әңгімесі шебер сомдалып, студенттер әртістік қырларымен танылды. Елбасының өмір жолы инновациялық тәсілдер арқылы жан-жақты тарқатылып айтылды. Әуелеген ән айтылды, күмбірлеген күй тартылды, мың бұралған би биленді, өз шығармашылығынан арнау да айтылды.  

«Қазақстанның болашағы – білімді жастар», - дейді Елбасы. Сол себепті, студенттеріміздің алдындағы ең бірінші талап, міндет – білім алу. Білімді жастар, Еліміздің еңсесін биіктетіп, қазақ халқының ұлы халық екенін әлемге мәшһүр етеді деп сенеміз!