БҮГІНГІ БІЛІМ БЕРУ ПАРАДИГМАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ТІЛ МӘСЕЛЕСІ
20.04.2021Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде ағымдағы оқу жылында «Профессор сағаты» жобасы қолға алынып, сол жоба аясында университетіміздің беделді, танымал ғалымдары, өз саласының майталман мамандары өзекті тақырыптар төңірегінде дәріс оқып, өз пікірлерін ортаға салып, ой бөлісіп келеді. Бүгін Қазақ тіл білімі кафедрасының ұйытқы болуымен өткен кезекті көшбасшылық дәріс «Бүгінгі білім беру парадигмасындағы ұлттық тіл мәселесі» тақырыбында өтті.