ФИНАЛ - 23 қараша 2020 жыл

 

 

Құрметті еліміздің жалынды да жігерлі жастары!

Сіздерді 23 қарашада Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай «МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!»

VIII республикалық патриот жастардың онлайн форматта салтанатты түрде өтетін жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне шақырады!

 

ФОРУМ МАҚСАТЫ – студент жастардың Қазақстан болашағы алдындағы азаматтық жауапкершілігін және патриоттық сезімін арттыру.

ФОРУМ МІНДЕТІ:

  • *Қазақстандық қоғамның әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешуге арналған жастар бастамаларын ынталандыру;
  • *Жастар бастамаларын қолдау және көтермелеу;
  • *Мемлекеттік құрылымдар, қоғамдық ұйымдар және бизнес өкілдерімен қазақстандық қоғам бірлігін нығайту мақсатындағы жастар диалогын ұйымдастыру.

6 номинациядан тұратын байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар жарияланады.

  1. «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік маңызы бар  инновациялық жобалар;
  2. «Мен өз елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты студенттік эссе;
  3. «Мен жастарға сенемін!» атты азаматтық-патриоттық бағыттағы поэзиялық шығармалар;
  4. «Қайырымды қоғам» атты студенттік қайырымдылық жобалар;
  5. «Sanaly urpaq» парасаттылықты дамытудың үздік жобалар;
  6. «Мәңгілік ел мұратым!» патриоттық әндер.

 

Бас жүлде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде 1 жыл тегін оқу гранты. Мараттау рәсімін "AlFarabiTV" ютуб арнасынан көре аласыздар!