«QAIYRYMDY QOǴAM» атты студенттік қайырымдылық жоба байқауы

  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған студент жастардың VIII республикалық патриоттық форумының «QAIYRYMDY QOǴAM» атты студенттік қайырымдылық жоба байқауына 1347 қатысушы тілек білдірген. Биылғы "Еріктілер" жылы мен әл-Фараби бабамыздың 1150 жылдығына арналған номинациясы студент жастардың арасында қызығушылық тудырды. Қайырымдылық пен жақсылық жасау өлшенбейтін ұлы істер екені бәрімізге белгілі. Бірақ секцияның әділ-қазы алқасы жұмыстардың арасында өте өзекті, сапалы түсірілген, жастар арасында қызығушылық тудырған жұмыстарды іріктеуге тырысты. Қараша айының 23-ші жұлдызында қорытындысы жарияланады. Жеімпаздарға арнайы сыйлықтар дайындалған, әрине ең басты жүлде ҚазҰУ-дың 1 жылдық білім гранты. Барлық қатысушыға сәттілік.    

 

 

#менжастарғасенемін_қазұу
#men_jastarga_senemin
#менжастарғасенемінVIIIреспубликалықпатриоттықфорум


************************************

************************************

 


************************************