Аңдатпа

Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналғанХалықаралық онлайн конференция«ҰЛЫ ҒҰЛАМА ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ӘЛЕМ ӨРКЕНИЕТІНЕ ЫҚПАЛЫ»


2020 жылдың 14 қазанында  Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен «Мәңгілік Қазақстан» қоғамдық қоры және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия кафедрасы ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Ұлы ғұлама әл-Фарабидің әлем өркениетіне ықпалы» атты халықаралық онлайн конференция өткізеді. Іс-шараға отандық және шетелдік ғалымдар, зерттеушілер қатысады.
Уақыты:14 қазан 2020 сағат 15:00-де (Алматы қаласы уақытымен) Ескерту: конференция ZOOM платформасында өтеді.Идентификаторы: 876 5172 8625Коды: 476532
Ұйымдастырушылар:Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы«Мәңгілік Қазақстан» қоғамдық қорыӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия кафедрасы Бас серіктестер:Мұхтар Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Ежелгі дәуір әдебиеті және түркология бөлімі«Көшпенділер Атамұрасы» Халықаралық қоғамдық қоры