Әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің Исламдық қаржы орталығы "Best Emerging Islamic Finance Education Provider 2020" номинациясында жеңіске жетті

14.09.2020

Көрулер: 2613

 

2020 жылдың 14 қыркүйегінде исламдық банк пен қаржы индустриясының дамуына және кеңеюіне қосқан үлесі мен жетістіктері үшін үздік мекемелер мен жеке тұлғаларға Global Islamic Finance Awards 2020 номинацияларын 10-шы марапаттау рәсімі өтті. Марапаттау рәсімі Пәкістан Ислам Республикасының Исламабад қаласында өтті.

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Исламдық қаржы ғылыми-білім беру орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Ислам қаржысы саласындағы озық тәжірибені дамытуға қосқан үлесін ескере отырып, Best Emerging Islamic Finance Education Provider 2020 сыйлығы номинациясының жеңімпазы ретінде марапатталды.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Рәсімге онлайн қатысып, университеттің жетістіктері туралы бейнеролик көрсетіліп, ректор, академик Ғалымқайыр Мұтановтың құттықтау сөзі жеткізілді. «Біз өз қызметімізді жоғары бағалағаны үшін өте ризамыз. Бұл марапат біз үшін Исламдық қаржы идеясына салынған жоғары құндылықтарды ілгерілетудегі үлкен құрмет пен жауапкершілік болып табылады»,- деп атап өтті ректор.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Исламдық қаржы орталығы ректордың бастамасымен және осы саладағы әлемнің жетекші университеттерімен, сондай-ақ «Астана» халықаралық қаржы орталығымен бірлесіп құрылды. Орталық посткеңестік кеңістікте теңдесі жоқ және исламдық қаржыландыру білім беру бағдарламасы бойынша магистрлар мен PhD докторанттарды даярлайтын алғашқы орталық болып табылады.

 

Global Islamic Finance Awards (GIFA) – бұл әлемдегі ең танымал және ең құрметті исламдық банкинг және қаржы салаларындағы нарықтық марапаттарының бірі болып табылады. Бұл өз салаларында ерекше жетістіктерге қол жеткізген, исламдық банк ісі мен қаржыландырудың тұрақтылығына әлемдік халықаралық қаржы шеңберінде өміршең жүйе ретінде үлес қосқан үкіметтерге, мекемелерге және адамдарға берілетін беделді шеберлік белгісі. Пакистан Ислам Республикасының Президенті Ариф-ур-Рехман Алви GIFA 2020 оныншы марапаттау рәсімінің құрметті қонағы болды.

 

Online Awards Ceremony -

https://www.youtube.com/watch?v=UE_zPJ1DMJ0&feature=youtu.be&ab_channel=EdbizInternationalAdvisors