Халықаралық «Әл-Фараби мұрасы» онлайн конференциясы

2020 жылдың 14 мамырында әл-Фараби Орталығы ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Әл-Фараби мұрасы" атты халықаралық онлайн конференция өткізеді. Конференция жұмысында Қазақстандық қоғамның рухани дамуы мен қазіргі заманғы сын-қатерлер контекстінде Әл-Фараби интеллектуалдық мұрасын зерттеудің өзекті мәселелері талқыланады.

Халықаралық онлайн конференция жұмысына Қазақстаннан, алыс және жақын шетелдерден фарабитану саласындағы мамандар қатысады.

Конференцияның негізгі бағыттары - Әл-Фараби трактаттары: Философиялық мәтін аудару мәселелері және мәдениетаралық коммуникация мәселелері;

 «Әл Мәдина әл Фадиладан» Смарт ситиге дейін: кемел қоғамның қазіргі заманғы түсіндірмесі; Қазіргі қазақ фарабитануының өзекті мәселелері.

 Конференция ZOOM платформасында өтеді.

Идентификаторы: 401 818 0037

 

Қатысу шарттары.pdf