«Археолог» үйірмесі

«Археолог» үйірмесінің негізгі міндеттері:

- Қазақстан және онымен көршілес аймақтардың археологиялық ескерткіштерін тереңдетілген түрде оқып-тану, зерттеу және магистранттар мен студенттерді тарихи құндылықтарды, тарих, мәдениет және археологиялық ескерткіштерін қастерлеуге үйрету.

- Өткен тарихымызды, дәстүрлі мәдениетімізді, ата-бабаларымыздың мәдени құндылықтарын зерттеу, таныстыру, студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарына қызығушылықтарын арттыру.

- Магистранттар мен студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысуына жағдай жасап, сабақтан тыс уақыттарда ғылыми және танымдық мәселелермен айналысатын іс-шараларын ұйымдастыру.

- Магистранттар мен студенттерге Алматы маңындағы археологиялық ескерткіштеріне саяхат жасау және музей, көрме материалдарымен таныстыру.

- Студенттерге археологиялық деректер және ғылыми әдебиеттермен жұмыс істеуге үйрету.

- Студенттерді ғылыми конференциялар, конкурстар және пәндік олимпиадаларған қатысуына ықпал ету және ғылыми жұмыстары бойынша көмек көрсету, ғылыми жетістіктерді насихаттау.

- Студенттерді өз бетінше ізденіп, ойларын қорытуға, ғылыми зерттеу жұмыстарын тура бағытта ұйымдастыруға, зерттеу нәтижесінде қол жеткізілген ойларын, тұжырымдарын қорғай білуге үйрету.

 

«Археолог» үйірмесінің қызметтері:

1.  Клубтың жылдық жоспарын жасау, талқылау және бекіту.

2.  Университет бөлімдері және факультеттермен тығыз байланыста жұмыс жасап, іс-шаралар ұйымдастыру.

3.  Студенттердің ғылыми, мәдени-сауық өміріндегі сұраныстары мен қажеттіліктерін ұғыну.

4.  Студенттердің ғылыми конференцияларға қатысуына ықпал жасау, ғылыми мақала дайындату, конференцияларға қатысу. 

 

«Археолог» үйірмесінің құқықтары:

Үйірмеге қатысушылар:

1.  Университеттің ұйымдастыру жұмыстарының жақсаруына бағытталған ұсыныстар жасауға;

2.  Университеттің ғылыми, қоғамдық және тәрбие жұмыстарын талқылауға және шешуге қатысуға;

3.  Университеттің ғылыми кітапхана қорын, сонымен қатар ҚР заңнамасына және университет Жарғысына қайшы келмейтін құқықтарын қолдану мүмкіндігіне құқылы.