Өнер мұражайына экскурсия
26.10.2021
Көрулер: 1677
26 қазан күні Рекреациялық география және туризм кафедрасының оқытушысы С.А. Моминовтың ұйымдастыруымен «Туризм» мамандығының төртінші курс студенттері Қазақстан Республикасының мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайына барды. Экскурсия барысында студенттер мұражайдың ішкі өмірімен және сондағы құнды жәдігерлермен танысты. Мұражайдың залдарымен болған танымдық экскурсияны мұражайдың қызметкері жүргізді.
Әбілхан Қастеев атындағы өнер мұражайында бейнелеу өнері мен дәстүрлі және заманауи қолданбалы өнердің ғажап коллекциясы бар. Онда батыс, орыс және кеңес өнерінің және шығыс халықтары қолданбалы өнерінің тыңғылықты жинағы орын алған.