"Турларды жылжыту әдістері мен құралдары" тақырыбында қонақ дәрісі.
Көрулер: 2069
Рекреациялық география және туризм кафедрасының Туризм мамандығының 3 курс студенттеріне арналған қонақ дәрісі.
26.04.2021 жылы сағат 12.00-ден 13.00-ге дейін.
Туроперейтинг пәні бойынша сабаққа Туризм мамандығының 3 курс студенттері үшін оқытушы Д.Е. Нұрмұханбетова Қазақстан туристік қауымдастығымен бірлесіп "Турларды жылжыту әдістері мен құралдары"тақырыбында қонақ дәрісін ұйымдастырды.
Қонақ дәріскер ретінде шығу туризмі бойынша маман, туроператорлық қызметте үлкен тәжірибесі бар Екатерина Маратовна Измайлова болды. "Музенидис Травел" (Mouzenidis Travel) және Sanat Tour сияқты туроператорлардан сату бөлімінің менеджерінен сату бөлімінің бастығына дейінгі жұмыс тәжірибесі оның мойнында.
Дәріс барысында ол туристік өнімді нарыққа сәтті шығаруға мүмкіндік беретін түрлі әдістер мен құралдар туралы айтты. Мысал ретінде туристік бизнес мамандары тұтынушыларды туристік өнімді және агенттерді ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа қалай итермелейтінін көрсетті. Жаңа клиенттерді тарту және ұстап қалу үшін қандай іс-шаралар ұйымдастырылады.
Сөз соңында Е.М. Измайлова студенттердің сұрақтарына жауап берді. Қызу диалог болды — студенттердің өткір сұрақтары мен тілектері айтылды.
Қорытындылай келе, іс-шара қызықты және сындарлы болғанын атап өтуге болады.