Кураторлық сағат: Тәуелсіз Қазақстан - ата-бабаларымыздың аңсаған ұлы арманы
Көрулер: 2299
2020 жылдың 7-ші желтоқсан күні рекреациялық география және туризм кафедрасы «Туризм» мамандығының 2-ші курс 4-ші топ студенттерімен оқытушы Моминов С.А. кураторлық сағатын өткізді. Кураторлық сағат барысында топ куратор-эдвайзері келе жатқан 16-шы желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің еліміздің тарихында алатын орны орасан зор екендігін атап өтті. Себебі, 1986 жылдың дәл осы айында Алматы қаласында болып өткен тарихи Желтоқсан оқиғалары Кеңес Одағының құрдымға кететін күні алыс емес екендігін дәлелдеді. Сонымен қатар, 1991 жылдың 16-шы желтоқсанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қазақстан егеменді ел болып жарияланды. Осындай ұлы күнді біздің ата-бабаларымыз ежелден армандаған болатын. Кураторлық сағат барысында топ студенттері осы атаулы күн жайлы өз ойларымен және пікірлерімен бөлісті.