Вебинар: COVID-19 туындаған Туризмді басқару саласындағы оқыту мен зерттеудің жаңа жолдары.

20.11.2020

Көрулер: 1479

 

2020 жылғы 20 қарашада сағат 13.00-де COVID-19 туындаған Туризмді басқару саласындағы оқыту мен зерттеудің жаңа жолдары тақырыбында вебинар өткізілді. Вебинарды Гонконг политехникалық университетінің (PolyU) UASR туристік қосалқы Альянсы ( University Alliance of the Silk Road) ұйымдастырды. Спикерлер 4 университет болды: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті , Гонконг политехникалық университеті ( PolyU, Hong Kong), Mae Fah Luang University (Тайланд), Xi ' an Jiaotong University (Сиань провинциясы, Қытай).
Туризм және қонақжайлылық бұл пандемияға байланысты үлкен шығынға ұшыраған екі сала. Барлығы әлемдегі жаңа жағдайға бейімделуге мәжбүр болды. Университеттер өз тәжірибелерімен, оқытудағы жаңалықтарымен, зерттеудің жаңа әдістерімен, оқытудағы жаңа тәсілдерімен және құралдарымен бөлісті.
49 адам қатысты.
Вебинар өте жақсы ұйымдастырылған, ақпараттық және пайдалы болды, қатысушылар өте жақсы дайындалды.


Назарларыңызға рахмет!