«Сандық иммерсивті журналистика және медиа сауаттылық»

02.03.2020

Көрулер: 2049

Әл-Фараби атындағы ҚазҰ-дың журналистика факультетінің ұйымдастыруымен «Халықаралық журналистика» апталығы аясында  халықаралық IWPR ұйымының қолдауымен «Сандық иммерсивті журналистика және медиа сауаттылық» тренингі 2020 жылдың 2 наурызда, сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін, 221-аудиторияда, университеттің журналистика кафедрасының «Жаңа медиа және журналистика» зертханасында өткізілді. Қатысушылар: журналистика факультетінің  студенттері, магистранттары мен докторанттары, ақпараттық технологиялары, сонымен қатар университеттің саясаттану, психология кафедралары қатысады.

 

Тренингті журналистика факультетінің профессоры, саяси ғылымдар докторы Ибраева Г.Ж. жүргізді.