«АҚШ Қытай арасындағы сауда соғысының дамушы мемлекеттерге әсері» атты дөңгелек үстел

29.11.2018

Көрулер: 2372

            29 қараша 2018 жылы «Шығыс жұлдызы» үйірмесінің 10 жылдығына орай Халықаралық қатынастар факультеті «Шығыс жұлдызы» үйірмесі ұйымдастырған «АҚШ Қытай арасындағы сауда соғысының дамушы мемлекеттерге әсері» атты тақырыптағы дөңгелек үстел өтті.

            Дөңгелек үстелді «Шығыс жұлдызы» үйірмесінің жетекшісі т.ғ.к, доцент Балаубаева Б.М. және Аймақтану мамандығының 4-курс студенттері ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің мақсаты студенттерді «Шығыс жұлдызы» үйірмесінің 10 жылдық тарихымен таныстырып, АҚШ пен Қытай арасындағы экономикалық қатынастың ерекшеліктері туралы білімдерін тереңдетіп, өз ойларын түсіндіре алу, жұрт алдында сөйлей біле алу қабілетін нығайту болып табылады. Баяндамашы студенттер АҚШ пен Қытай секілді ұлы державалардың бір-біріне өзара ықпалы мен әлемдік экономикаға тигізер әсерін саралай отырып, екі мемлекет арасындағы сауда соғысының Қазақстан экономикасына әсерін талқылады. Атап айтқанда, Әбдікамал Азат,Амангелді Айжарқын «АҚШ Қытай арасындағы сауда соғысына АҚШ ұстанымы», Қалиахмет Ақсауле, Бағдаулетқызы Сағыныш, Жұманбаева Ләззәт «АҚШ Қытай арасындағы сауда соғысының Қытайдың ұстанымы», Абет Еңлік, Кішібаева Шынар «АҚШ Қытай арасындағы сауда соғысының әлемдік экономикаға әсері», Тоқбазар Әлішер, Шақырған Сая «АҚШ Қытай арасындағы сауда соғысының дамушы елдерге әсері (Қазақстанның мысалында)» атты тақырыптарда презентациялар қорғады. Презентациялар соңында 4-курс студенті Лесбаева Бағдат «Ойлайық та ойнайық» викторинасын өткізіп, дөңгелек үстелге қатысушыларды таң қалдырды.   

            Дөңгелек үстелдің қонағы т.ғ.д, профессор Нәбижан Мұхаметханұлы АҚШ пен Қытайдың әлемдік экономикада жүргізіп отырған саясатының ерекшеліктерін айқындай отырып, студенттердің ғылыми ойлау қабілетінің жоғарғы деңгейде екенін атап өтті. Баяндамашылардың жұмысына жоғары баға беріп, дөңгелек үстелге қатысушылардың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді. Дөңгелек үстел соңында ең үздік баяндамашылар анықталып, арнайы сертификаттар тапсырылды. Дөңгелек үстел өте жоғары деңгейде өтіп, үйірме жетекшісі Балаубаева Б.М қорытынды сөзімен аяқталды.