4. ҚОТ қолдана отырып оқу үрдісіне қатысушылардың функциялары мен міндеттері

 

  • 4.1. ҚБТ бойынша оқу үдерісіне ұйымдастырушылық, әдістемелік, ақпараттық және техникалық қолдау көрсететін Университеттің құрылымдық бөлімшесі Жаңа білім беру технологиялары институты (ЖББТИ) болып табылады, оның құрамына:
  • - ҚБТ бойынша оқу үдерісін басқару секторы (әкімшілік-әдістемелік қолдау тобы);
  • - ҚБТ бойынша ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету секторы (техникалық қолдау тобы);
  • - ЖАОК орталығы кіреді.
  • 4.2. ҚБТ бойынша оқу үдерісін басқару секторы:
  • - ҚБТ бойынша оқу үдерісін жоспарлауды және ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
  • - ҚБТ қатысты құжаттамалардың рәсімделуін қамтамасыз етеді;
  • - оқытушылардың, ҚБТ қолданатын білім беру бағдарламаларының үйлестірушілерінің және тьюторлардың біліктілігін арттырудың жоспарлануын қамтамасыз етеді;
  • - ҚБТ қолданатын білім алушылардың ағымдағы үлгерімдері туралы мәліметтердің ақпараттық деректер базасына енгізілуін қамтамасыз етеді.
  • 4.3. Ақпараттық-техникалық қамтамасыз ету секторы, қашықтан оқытудың бағдарламалық, ақпараттық және техникалық құралдарын әзірлеуді, дамытуды және қолдауды қамтамасыз етеді.
  • 4.4. ЖАОК орталығы moocs.kz және open.kaznu.kz білім беру платформаларында онлайн курстарын құру және іске қосуға әдістемелік және технологиялық қолдау көрсетеді:
  • - жаппай ашық онлайн курстарды әзірлеуге және оларды платформаға жүктеуге қатысады;
  • - жаппай ашық онлайн курстарды платформаға жүктеуге және оларды оқу үдерісіне пайдалану үшін сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді;
  • - жаппай ашық онлайн курстардың реестрін жүргізеді;
  • - инновациялық білім беру технологияларын қолдануға қатысты тиісті сертификаттар бере отырып, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің және жеке тұлғалардың әртүрлі санаттарындағы жұмысшылар мен ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлауды және біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді;
  • -оқытудың дәстүрлі үлгісін қолдану арқылы, білім алушылардың негізгі кәсіптік бағдарламаны игеру үдерісін ұйымдастыруды және оқытудың барлық формаларына арналған онлайн-курстар арқылы материалды оқып үйренуді қамтамасыз ететін аралас білім беру технологиясын қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырады;
  • - ҚазҰУ-да ҚБТ қолдану арқылы оқытудың сапасын бақылау жүйесін қолдайды;
  • - білім алушылардың ағымдық бақылау және аралық аттестациясын ұйымдастырады;
  • - ЖАОК-та оқу нәтижелері бойынша тыңдаушыларға сертификаттар береді;
  • - ҚБТ қолдану арқылы оқытуда қолданылатын бағдарламалық жасақтаманың жұмысын қолдайды;
  • - ҚБТ қолданатын оқыту жүйесінің пайдаланушыларына бақылау және талдау жүргізеді;
  • - білім беру жүйесінде ЖАОК қолдану бойынша жергілікті нормативті-құқықтық актілерді әзірлейді;
  • - орталық қызметінің бағыттары бойынша ғылыми, әдістемелік және оқу әдебиеттерін, анықтамалық материалдарды, оқу құралдарын және басқа да жарияланымдарды әзірлейді, басып шығарады және жүзеге асырады (оның ішінде электронды түрде);
  • - ҚБТ қолданатын оқу үдерісінде кеңес береді және ұйымдастырушылық көмек көрсетеді;
  • - оқу үдерісінде ЖАОК енгізу нәтижелері туралы статистикалық есептілікті ұсынады.
  • 4.5. Қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқу пәндерін оқытумен байланысты педагогикалық жүктеме пайда болған кезде университет оқытушысы:
  • - өз факультетінің ҚБТ-сын қолдану арқылы, білім беру бағдарламаларының үйлестірушілерінен, қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы жұмыс істеу бойынша нұсқамадан өту немесе ЖББТИ-нан ақпарат алуға;
  • - Теориялық оқыту басталғанға дейін бір апта бұрын қашықтан оқыту курстарын әзірлеу талаптарына сәйкес келетін СБР қоса алғанда, ПОӘК әзірлеуге;
  • - ақпараттық-білім беру жүйесін (Univer, MOODLE ҚБЖ) немесе жеке оқу ортасын (Microsoft Teams, Google Classroom және т. б.) немесе оқытушы оқу үдерісін жүргізетін онлайн платформаны анықтауға;
  • - кез келген АББЖ немесе жеке оқу ортасын таңдау кезінде оқытушы Univer жүйесіне пәннің силлабусын жүктеуге (немесе электрондық силлабусты толтыруға) міндетті, онда сабақтың әр түрі үшін таңдалған платформалар көрсетіледі;
  • - таңдалған АББЖ-да немесе дербес оқу ортасында СБР және сыртқы электрондық ресурстарға сілтемелерді (электрондық оқулықтар, мультимедиялық оқыту бағдарламалық тренажерлары, ақпараттық-анықтамалық жүйелер, виртуалды зертханалық практикумдар, компьютерлік тестілеу жүйелері және т. б.) қоса алғанда, пәндерді толық е-ПОӘК-ке жүктеу немесе онлайн платформада ЖАОК пайдалануға;
  • - апта сайын бекітілген кестеге сәйкес бейнеконференциялар мен вебинарлар өткізу, жазбаша жұмыстарды тексеру, орындалған тапсырмалар үшін балл қою және білім алушыларға кері байланыс беру үшін қашықтан оқыту жүйесіне қатысуға;
  • - университеттің АББЖ (Univer, MOODLE ҚОЖ) немесе дербес оқу орталарында (Microsoft Teams, Google Classroom және т. б.) тиісті сілтемелерді орналастыра отырып, дәрістерді бейнежазбалармен қамтамасыз етуге;
  • - пән бойынша қорытынды емтиханды ҚБТ қолдану арқылы қабылдаған жағдайда емтихан материалдарын әзірлеуді қамтамасыз ету;
  • - оқытудың күтілетін нәтижелерін бағалауға байланысты кез келген бақылау іс-шаралары кезінде оқытушы университеттің академиялық адалдық ережелеріне сәйкес бекітілген әдістемелік ұсынымдардың негізінде білім алушылардың жеке басын сәйкестендіру бойынша талаптарды орындауға міндетті.
  • 4.6. ҚБТ-ны қолдану арқылы оқитын білім алушыларға интернетке кемінде 512 кб/с жылдамдықпен шығатын дербес компьютерге не мобильді құрылғыға, вебинарлар өткізуге арналған компьютерлік мультимедиа жабдығына (веб-камера, гарнитура) тұрақты қолжетімділік болуы қажет.
  • 4.7. ҚБТ қолдану арқылы білім алушылар:
  • – пәннің бекітілген силлабусымен танысуға;
  • – пәннің бекітілген силлабусына сәйкес ұсынылатын цифрлық білім беру ресурстарының көмегімен оқу материалын меңгеруге;
  • – оқытушы әзірлеген бекітілген кесте мен әдістемеге сәйкес бейнедәрістерді қарау және семинар және практикалық сабақтарға қатысуға;
  • – "Универ" жүйесі немесе Moodle ҚОЖ немесе жеке оқу ортасы арқылы тапсырмаларды тапсырудың бекітілген кестесіне сәйкес оқытушыға орындалған тапсырмаларды ұсынуға;
  • – оқудың күтілетін нәтижелерін бағалауға байланысты кез келген бақылау іс-шаралары кезінде білім алушы университеттің академиялық адалдық ережелеріне сәйкес биометриялық деректер / жеке құжаттар негізінде жеке басын сәйкестендіру бойынша талаптарды орындауға міндетті.
  • 4.8. Факультетте ҚБТ қолдану арқылы оқу үдерісін үйлестіру үшін университет ректорының бұйрығымен ҚБТ қолдану арқылы білім беру бағдарламаларының үйлестірушісі – әдетте басшылық қызмет атқармайтын факультет оқытушысы (бұдан әрі – үйлестіруші) тағайындалады.
  • 4.9. Үйлестіруші онлайн оқыту мен ҚБТ қолдану арқылы, білім беру үдерісіне қатысатын факультет қызметкерлерінің жұмысын:
  • – Univer жүйесінде,
  • – MOODLE ҚОЖ-да;
  • – жаппай ашық онлайн курстардың онлайн-платформаларында – open.kaznu.kz, moocs.kz;
  • – дербес оқу орталарында ұйымдастырады.
  • 4.10. ҚБТ қолдану арқылы білім беру бағдарламалары үйлестірушісінің функциялары:
  • - факультеттің оқу үрдісінде қашықтан білім беру технологияларын қолдану және онлайн оқытуды дамытудың Жол картасын әзірлеу (бұдан әрі – Жол картасы);
  • - жол картасы шеңберінде іс-шаралардың орындалуына мониторинг жүргізу;
  • - ПОҚ және білім алушыларға жаппай ашық онлайн курстардың онлайн-платформаларында және MOODLE ҚОЖ-да жұмыс бойынша техникалық және әдістемелік қолдау көрсету;
  • - факультетте ҚБТ қолданумен білім беру бағдарламасы бойынша жұмыстарды басқару;
  • - жаппай ашық онлайн курстардың онлайн-платформасында және MOODLE ҚОЖ жұмысы бойынша оқытушылармен және білім алушылармен тренингтер, семинарлар, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу;
  • - факультетте онлайн білім беруді және ҚБТ дамыту бойынша әдістемелік іс-шаралар өткізу;
  • - жұмыс жоспарына сәйкес ҚБТ қолдану арқылы факультеттің оқу қызметін ұйымдастыру;
  • - ҚБТ қолдану арқылы оқытуды енгізудің сандық және сапалық көрсеткіштерінің мониторингі, соның ішінде:
  • әзірленген және сараптамадан өткен ПОӘК және СБР саны;
  • білім алушылардың академиялық белсенділігі (ПОӘК-ке, оның жеке ресурстарына, элементтеріне және СБР-ға жүгіну жиілігі • );
  • оқытушылардың MOODLE ҚОЖ-да жұмысы (белсенділігі) (пәндерді меңгеру кестесіне сәйкес білім алушыларға кеңес беру және олардың орындайтын жұмыстарын рецензиялау жиілігі);
  • - ПОӘК және СБР сапасын бағалайтын оқу-әдістемелік комиссияларды қалыптастыруға қатысу және оларды оқу үрдісінде қолдануға дайындық;
  • - факультет басшылығы және ҚазҰУ-дың ЖББТИ үшін бекітілген Жол картасына сәйкес онлайн оқыту және ҚБТ қолдану арқылы, факультет жұмысының тиімділігін арттыру бойынша есеп және ұсыныстар дайындау.
  • 4.11. Жаппай ашық онлайн курстардың open.kaznu.kz, moocs.kz онлайн-платформаларында оқыту үдерісін сүйемелдеу үшін жұмыс істеуге, онлайн курстың тьюторы тағайындалады – жетекші лауазымды қызмет атқармайтын оқытушы немесе факультет маманы болуы керек.
  • 4.12. Онлайн курс тьюторының функциялары:
  • - ЖАОК орталығы мамандарының басшылығымен жұмыс;
  • - жаппай ашық онлайн курстардың онлайн-платформаларында жұмысқа тіркелу кезінде ақпараттық қолдау көрсету – open.kaznu.kz, moocs.kz және білім алушыларды онлайн курс базасына енгізу;
  • - тіркелген білім алушыларды білім беру топтары бойынша бөлу;
  • -  онлайн оқытудың барлық мәселелері бойынша онлайн курстардың студенттері мен оқытушы-авторларына кеңес беру (электрондық пошта, телефон арқылы, онлайн режимде);
  • - форумда "Талқылау" қосымша бетінде білім алушылармен интерактивті өзара әрекеттесуді жүзеге асыру;
  • - "Электрондық пошта" қосымша бетін қолдану арқылы, білім алушыларға кезекті модульдің іске қосылуы және онлайн курстың басқа жаңалықтары туралы үнемі хабарлау;
  • - білім алушылардың үлгерімін бақылау және қорытынды аттестаттау;
  • - курс авторымен ынтымақтастықта онлайн курстың контентін жаңарту кемінде 3 жылда бір рет;
  • -автормен ынтымақтастықта өзектілік жоғалған жағдайда онлайн курсты жою туралы шешім қабылдау.
  • 4.13. Университетте ҚБТ қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастыруға көмек көрсету үшін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖББТИ шешімі бойынша университеттегі білім алушыларының қатарынан сандық волонтер жұмыс тобы (бұдан әрі – волонтер) құрылуы мүмкін.
  • 4.14.  Волонтердың функциялары:
  • − ПОҚ мен білім алушыларды білім беру үдерісінде СБР пайдалану бойынша техникалық және әдістемелік қолдау көрсету;
  • − Moodle ҚОЖ және жаппай ашық онлайн курстарының онлайн-платформаларында жұмыс істеу бойынша оқытушылармен және білім алушылармен тренингтер, семинарлар, біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру және өткізу;
  • − университетте онлайн білім беруді және ҚБТ дамытуға белсенді атсалысу;
  • − ҚБТ қолдану арқылы оқытуды енгізудің сандық және сапалық көрсеткіштерінің мониторингі;
  • − ЖББТИ үшін онлайн оқыту мен ҚБТ пайдалану арқылы жұмыс тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар дайындау;
  • − университеттің білім алушылары мен қызметкерлерін қашықтан оқытудың мақсаттары, міндеттері және жаңа цифрлық құралдары туралы ақпараттандыру бойынша іс-шараларға қатысу.