3. ҚОТ қолдана отырып оқу үрдісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар

  • 3.1.ҚБТ қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастыруды ҚазҰУ-дың ЖББТИ бітіртуші кафедрамен бірлесіп, келесі платформалардың бірінде орналасқан қажетті сандық білім беру ресурстары болған жағдайда жүзеге асырады:
  • 1) білім беру порталы – Moodle қашықтан оқыту жүйесі (бұдан әрі – MOODLE ҚОЖ – dl.kaznu.kz);
  • 2) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖАОК онлайн-платформасы (moocs.kz), Қазақстанның ұлттық ашық білім беру платформасы (open.kaznu.kz).
  • 3) оқытушының студенттермен келісімі бойынша ағымдағы оқу үдерісі Дербес оқу орталарында (Microsoft Teams, Google Classroom және т.б.) жүргізілуі мүмкін.
  • 3.2.Университетте өзіндік немесе Академиялық Комитет бекіткен   басқа да онлайн-платформаларында ЖАОК жүзеге асырылады. Онлайн-платформаға жүктемес бұрын ЖАОК ҚазҰУ-дың ЖББТИ ұйымдастырған оқу-әдістемелік сараптамадан және апробациядан өтуі керек.
  • 3.3. ЖББТИ әзірленген ЖАОК-тың онлайн-платформаға жүктелуін, білім алушыны тіркеуді, оқытуды және үнемі бақылауды жүзеге асырады, университеттің атын, тыңдаушының аты-жөнін, курс аты мен кредит көлемін көрсететін сертификат береді. 
  • 3.4. ҚБТ қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастыру үшін ҚазҰУ-дың ЖББТИ-мен бірге бітіруші кафедра:
  • 1) телекоммуникация желісіне (Интернет, спутниктік теледидар) қол жеткізуге болатын жабдықты;
  • 2) білім беру бағдарламасына сәйкес цифрлық білім беру ресурстарын (СБР) әзірлеу үшін бағдарламалық қамтамасыз етуге қол жеткізумен қамтамасыз етуі керек. СБР құрылымы мен мазмұнын бітіртуші кафедра дербес анықтайды.
  • 3.5. ҚБТ қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастыру үшін ҚазҰУ-дың ЖББТИ:
  • 1) ҚБТ қолданатын білім беру бағдарламаларының координаторларын, оқытушыларды, тьюторларды және қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырушы қызметтерді оқытуды ұйымдастырады;
  • 2) СБР әзірлеу мен жаңартуда оқытушы-профессорлық құрамға көмек көрсетеді;
  • 3) ҚБТ қолдану арқылы оқытуды арнайы желілік жүйелер арқылы басқаруды қамтамасыз етеді;
  • 4) аутентификация жүйесі арқылы (осы жүйе болған жағдайда) білім алушылар мен тыңдаушылардың жеке басын сәйкестендіруді қамтамасыз етеді;
  • 5) ҚБТ (форум, чат, бейне және аудиоконференция) бойынша оқу үдерісіне қатысушылар арасында өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді;
  • 6) білім алушылар мен тыңдаушылардың Университеттің электронды кітапханаларына және ҚБТ қолдану арқылы білім беру бағдарламаларын іске асыру бойынша серіктестерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді;
  • 7) ҚБТ қолдану арқылы, оқу үдерісін жүзеге асыруға әдістемелік, техникалық және ақпараттық қолдау көрсетеді, оның ішінде ҚБТ қолдану бойынша call-орталықтарымен жұмыс істейді;
  • 3.6. Коммерциялық негізде (MBA, EMBA, DBA бағдарламалары, сыртқы тыңдаушылар және т.б.) ҚБТ қолдану арқылы оқу үдерісін жүзеге асыру үшін оқытудың осы түрін жүзеге асыратын факультет оқу үдерісіне бір күнтізбелік ай қалғанда ЖБТИ-ға ұсыну керек:
  • 1) оқу ісі жөніндегі проректордың коммерциялық білім беру бағдарламасын іске қосу уақыты туралы және білім алушылардың құрамы туралы бұйрығы (Директум ЭҚАЖ арқылы);
  • 2) академиялық күнтізбе;
  • 3) оқу жұмыс жоспары;
  • 4) әкімшілік-шаруашылық жұмыс жөніндегі проректор бекіткен білім беру қызметін көрсетуге арналған шарттар негізінде жүзеге асырылатын, білім беру бағдарламасының оқу үдерісін техникалық қамтамасыз ету үшін ЖБТИ қызметкерлеріне төленетін смета;
  • 5) білім беру бағдарламасының паспорты,
  • 6) қашықтан оқыту бөлімі көрсетілген әрбір пәннің силлабусы;
  • 7) оқу кестесі.
  • 3.7. ҚБТ қолданып жүзеге асырылатын пәндердің оқытушылары білім беру бағдарламаларының талаптарына сәйкес MOODLE ҚОЖ-ға ПОӘК пен СБР-ды толық көлемде жүктеуге міндетті.
  • 3.8. ҚБТ қолдану арқылы жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары бойынша қорытынды аттестаттау онлайн-прокторинг жүйесі болған жағдайда ғана қашықтан жүзеге асырылады. Онлайн-прокторинг жүйесі болмаған жағдайда ҚБТ қолданатын білім алушылар пәндер бойынша қорытынды емтихандарды Университетте тапсырады.
  • 3.9. Теориялық оқу кезеңінде білім алушылар қашықтан оқытудың электронды жүйесі арқылы пәндерді оқиды, онда барлық оқу материалдары (дәрістер конспектілері, видео дәрістер, презентациялар), тапсырмалар, (тесттер, жазбаша тапсырмалар, ұжымдық талқылау) online (чат, аудио-видео конференциялар) қамтамасыз етіледі және offline (хат алмасу, пікірсайыс форумы) режимінде оқытушылардан кеңес алу мүмкіндігі бар.
  • 3.10. Қорытынды бақылауға (емтихан сессиясына) қол жеткізу үшін академиялық кезең ішінде ҚБТ қолданатын білім алушылар қашықтан оқыту жүйесіндегі тапсырмаларды орындап, әр пән бойынша жалпы баллдың кем дегенде 50%-ын жинауы керек (АБ1 + MT + АБ2 = 300 балл).
  • 3.11. Іссапарға байланысты ҚБТ қолданатын білім алушылар оқуды қайта қалпына келтірілгеннен кейін Университетте қорытынды емтихандарды тапсырады.
  • 3.12. Шетелдік іссапардан оралған білім алушылардың емтихандарын қабылдау, білім алушының жеке өтініші негізінде рәсімделетін қайта келу туралы бұйрық шыққаннан кейін жүзеге асырылады. Студент факультет деканының өкіміне сәйкес қашықтан оқыған пәндері бойынша емтихан тапсырады. Жалпы семестрлік балдың 50% -нан аз алған студент емтихан сессиясына жіберілмейді.
  • 3.13. Шетелдік тағылымдамаға кеткен ҚБТ қолданатын білім алушылардың теориялық оқуларының ұзақтығы әр білім алушының тағылымдама кезеңіне байланысты.