"Мен жастарға сенемін"! байқауының қатысушыларына

 

МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН!

#МенЖастарғаСенемін

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Мен жастарға сенемін!» VIII республикалық студент жастардың байқауын өткізеді.

БАЙҚАУ МАҚСАТЫ – студент жастардың Қазақстан болашағы алдындағы азаматтық жауапкершілігі мен патриоттық рухын арттыру.

БАЙҚАУ МІНДЕТІ:

ü Қазақстандық қоғамның әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешуге арналған жастар бастамаларын ынталандыру;

ü Жастар бастамаларын қолдау және көтермелеу;

ü Мемлекеттік құрылымдар, қоғамдық ұйымдар және бизнес өкілдерімен қазақстандық қоғам бірлігін нығайту мақсатындағы жастар диалогын ұйымдастыру.

БАЙҚАУҒА ТӨМЕНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР КІРЕДІ:

  1. «Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты әлеуметтік маңызы бар студенттік инновациялық жобалар;
  2. «QAIYRYMDY QOǴAM» атты студенттік қайырымдылық жоба байқауы;
  3. «Мен өз елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» атты студенттік эссе;
  4. «Мен жастарға сенемін!» атты азаматтық-патриоттық бағыттағы студенттердің поэзиялық шығармалар байқауы;
  5. «Мәңгілік ел мұратым!» патриоттық әндер байқауы.

 

БАЙҚАУДЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІНЕ ҚАТЫСУ ҮШІН:

  • Ø
  • Ø 2020 жылдың 10 сәуірінен бастап 30 сәуіріне дейін 
  • Ø Бейнероликтің ұзақтығы (хронометраж): min - 1 мин. max - 3 мин.).
  • Ø Бейнежазбада жоба туралы берілген қысқаша ақпарат, оқылған эссе және өлең, орындалған ән жіберіледі. Бейнероликті фотоаппаратпен, бейнекамерамен немесе смартфонмен де түсіруге болады. Телефонды тігінен қойып және кадрларын дірілдетіп түсірген роликтер, дыбысы естілмейтін, кадрлары бұлдыраған бейнероликтер қабылданбайды.  
  • Ø Pdf форматында жіберілген жұмыстарда: ЖОО-ның ресми атауы, студент(тердің) аты-жөні, байқау, мамандық, байқау жұмысының атауы, пошталық адресі, телефондары, электронды адресі көрсетілуі тиіс. Мәтін көлемі – 3-7 басылған парақ (Times New Roman, 14 шрифт, 1,5 интервал).

 

БАЙҚАУДЫҢ ІРІКТЕУ КЕЗЕҢІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША:

 

  • Ø Жіберілген бейнежазбалардың яғни жұмыстардың үздіктері арнайы ашылған «Мен жастарға сенемін!» инстаграм парақшасында жарияланады.  
  • Ø Қатысушылар парақшаға міндетті түрде тіркелуі қажет. 
  • Ø Ең көп жиналған лайк пен қаралым бойынша көрермен көзайымы анықталады.  
  • Ø 2020 жылдың қараша айында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін байқаудың қорытынды кешіне жолдама алған студенттерге арнайы шақырту жіберіледі.  
  • Ø Байқауға қатысушылардың жұмыстарын тәуелсіз әділқазылар алқасы сараптайды.  
  • Ø GALA-форумға ең үздік байқау жұмыстары ұсынылады және байқаудың жүлдегерлері мен лауреаттары анықталады. 

Жүлдегерлеріне бағалы сыйлықтар тапсырылып, дипломдармен марапатталады. БАС ЖҮЛДЕ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 1 жыл тегін оқу білім гранты.

 

 

Толық ақпаратты ҚазҰУ Жастар ұйымдары комитетінен біле аласыздар: +7 701 438 77 33