"Мен жастарға сенемін"! республикалық конкурсы

Құрметті студент жастар!

Сіздерді әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінде жыл сайын өтетін VIII «Мен жастарға сенемін!» атты республикалық студент жастардың байқауына қатысуға шақырамыз!

«Еліміздің инновациялық дамуына менің қосқан нақты үлесім» атты студенттік әлеуметтік маңызы бар инновациялық және «QAIYRYMDY QOǴAM» атты қайырымдылық жоба байқауына қатысып,

«Мен өз елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?» деген сұраққа жауап іздеп, эссе жаз, азаматтық-патриоттық бағыттағы поэзиялық жыр арнап, авторлық патриоттық ән байқауына қатыс!

 

Байқауға қатысу үшін алдымен 2020 жылдың сәуір айында қашықтан тіркеуден өтіп өз жұмысыңды осы жылдың 30 сәуірге дейін видеоға түсіріп жібер. Ең үздік жұмыстардың авторлары 2020 жылдың қараша айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өтетін «Мен жастарға сенемін!» финалына шақырту алады. Жүлдегерлер дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталады. БАС ЖҮЛДЕ – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 1 жыл тегін оқу гранты беріледі.

 Көптеген студенттердің өтініштері бойынша өтінімтер мен конкурстық жұмыстарды қабылдау мерзімі 15-мамырға дейін ұзартылды.

www.kaznu.kz сайтына тіркеліп, он-лайн дауыс беру барысы мен іріктеу кезеңінің нәтижелерін қадағалаңыз.

Тіркелу сілтемесі:

Рухани тобы "Жан жылуы" атты әнін ұсынады.

Бейнеклип Ғалымқайыр Мұтанұлының "Жан жылуы" өлеңі негізінде дайындалды, әні Владимир Питерцевтікі. 

Бейнебаян сілтемесі:https://www.youtube.com/watch?v=NMkcrmU3R6I



Тіркелген қатысушылардың саны: 4913
26.03.2020ж - 39 қатысушы
27.03.2020ж - 74 қатысушы
28.03.2020ж - 159 қатысушы
29.03.2020ж - 187 қатысушы
30.03.2020ж - 92 қатысушы
31.03.2020ж - 148  қатысушы
01.04.2020ж - 89 қатысушы
02.04.2020ж - 104 қатысушы
03.04.2020ж - 121 қатысушы
04.04.2020ж - 71 қатысушы
05.04.2020ж - 258 қатысушы
06.04.2020ж - 497 қатысушы
07.04.2020ж - 635 қатысушы
08.04.2020ж - 717 қатысушы
09.04.2020ж - 842 қатысушы
10.04.2020ж - 880 қатысушы