Пәндік Олимпиада

 

 

Короновирус пандемиясының қаупі бойынша елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты енгізілген шектеулерге қарамастан, белгіленген жоспарға сәйкес 2020 жылдың 27-наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Бизнес-технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен «5В051100 – Маркетинг» мамандығы бойынша ЖОО студенттері арасында «Күшті аймақтар – күшті мемлекет: маркетолог көзқарасы» тақырыбында XiI Республикалық пәндік олимпиадасы онлайн түрде өткізілді. Олимпиадаға Қазақстанның 4 өңірінің 6 ЖОО-нан 7 топ қатысты. Олимпиада әділқазылар алқасына кафедра оқытушылары мен жұмыс берушілер «UP Consulting» ЖШС бас директоры А. Серікбекұлы,  «НПЦ ID-GROUP» ЖШС бас директоры Г.А. Шакирова қатысты. Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар, ал жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар берілді.

 

Жеңімпаз топтар:

 

I орын – әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің «GreenMark» тобы, Алматы қ.;

 

II орын – М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Жусан» тобы, Шымкент қ. және Тұран университетінің «Titans of Turan» тобы, Алматы қ.;

 

III орын – Нархоз университетінің «Totally Spies» тобы, Алматы қ., Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Charlie’s Angels»  тобы, Қарағанды қ. және С. Сейфуллин атындағы  Қазақ агротехникалық университетінің «Уникальное торговое предложение» тобы, Нұр-Сұлтан қ.

 

 


Онлайн Олимпиада бойынша ақпараттық Хат:

Олимпиада бойынша ақпараттық хат.онлайн.docx

«5В051100 – Маркетинг» мамандығы бойынша ХІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға қатысатын командалар тізімі:

Университет

Команда атауы

Команда жетекшісі

Команда құрамы

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

«GreenMark»

Бейжанова А.Т., э.ғ.к., «Бизнес-технологиялар» кафедрасының

аға оқытушысы

Когабаева Асель, Сапакова Жансая, Пернебай Арайлым

5В051100 Маркетинг,

3 курс 2-топ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "ВОМ"

Еділбаев Б.Т. э.ғ.к., «Бизнес-технологиялар»кафедрасының

аға оқытушысы

Құдайберген Айзат, Тілектесова Айкерім, Қыпшақбай Таңшолпан 

5В051100 Маркетинг,

3 курс 1-топ

Нархоз университеті

«Totally Spies»

ҒОД «МжМ», э.ғ.к., қауымдастырылған проф., Дюсембекова Жанар Маратовна

Бабенова Асем Муратбековна, Скопцова Анастасия Александровна, Ручкина Ангелина

Владмировна

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті

«Жусан»

Куланова Дана Аскарбековна - «Менеджмент және маркетинг» кафедрасының доценті, э.ғ.к.

Сыдыкова Аяжан Ерланкызы – 5В051100 - Маркетинг, 2курс, ЭФ-18-3р                                                                                                      Сейдуллаева Мереке Серикбайкызы – 5В051100 - Маркетинг, 2курс, ЭФ-18-3р       

Айдарова Вюсаля Тофиковна – 5В051100 - Маркетинг, 3 курс, ЭФ-17-3р

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

«Уникальное торговое предложение»

Карабасов Расул Асылбекович қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы, э.ғ.к.

Жаканов Костан Нургалиулы

Коваленко Надежда Васильевна

5В051100 «Маркетинг» 3 курс

Муратова Баян Муратовна

5В051100 «Маркетинг» 2 курс

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ университеті

«Charlie’s Angels»

Мамраева Д.Г., э.ғ.к. қауымдастырылған профессор

Ташенова Л.В., э.ғ.м., аға оқытушы.

Гребенюк Д.Д., М04107501“Маркетинг”, 1 курс

Коваль Я.А., М04107501“Маркетинг”, 1 курс

Стожарова К.А., М04107501“Маркетинг”, 1 курс

«Туран» университеті

«Titans of Turan»

Тлеубердинова А.Т., э.ғ.д., профессор

Джумадилдаева Ж. Б., PhD, аға оқытушы.

Асанова Т.А., э.ғ.м., аға оқытушы.

Кенес Жанель Женискызы

 «5В051100 –

Маркетинг», 2 курс

Плахута Д. С.,

«5В051100 –

Маркетинг», 2 курс

Мажитова Анель Маликовна

 «5В051100 –

Маркетинг», 2 курс

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР!

 

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және бизнес Жоғары мектебінің «Бизнес-технологиялар» кафедрасы

«МЫҚТЫ ӨҢІРЛЕР – ҚУАТТЫ МЕМЛЕКЕТ: МАРКЕТОЛОГТЫҢ КӨЗҚАРАСЫ!» тақырыбында

«5В051100 – Маркетинг» мамандығы бойынша ХІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада өтетінін хабарлайды

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өткізілетін ХІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиадаға (ары қарай Олимпиада) «5В051100 – Маркетинг» мамандығының күндізгі оқу бөлімінің 2-3 курс студенттері қатыса алады.

Республикалық студенттік пәндік Олимпиаданың екінші (финалдық) кезеңіне қатысушыларды іріктеу талаптары:

1.  2017-2019 ж.ж. Республикалық студенттік Олимпиада жүлдегерлері қатысуға жіберілмейді;

2.  Қатысушы-студенттер аталған мамандыққа міндетті түрде сәйкес болуы керек;

3.  Университет 2 (екі) командадан артық (орыс және қазақ тілдерінде) команданы ұсынуға болмайды, олардың әрқайсысы 3 (үш) адамнан тұрады;

4.  Олимпиаданың бірінші (ЖОО ішілік) кезеңінің нәтижелері бойынша қатысушылар ұйымдастыру комитетінің электрондық поштасына  olimpiada0320@gmail.com 2020 жылдың 12 наурызынан кешіктірмей келесі құжаттарды жіберулері қажет:

- қатысу үшін (команданың әр мүшесінің) сканерден өткізілген өтініші (1-қосымшаны қараңыз), ректордың (проректордың) қолы қойылған хат және Олимпиаданың бірінші кезеңінің қорытындысы туралы комиссия хаттамасын;

- жобаның тақырыбы тапсырманы орындау шарттары мен талаптарына сәйкес болуы тиіс (2-қосымшаны, 3-қосымшаны қараңыз).

Командаға конкурстық өтінішті қабылдау және тиісінше Олимпиаданың екінші кезеңіне қатысуға жіберілмейді:

  • ·         конкурстық өтінішті уақытылы ұсынбау;
  • ·         өтініш олимпиада талаптарына сәйкес келмеген жағдайда (2-қосымшаны қараңыз);
  • ·         қажетті құжаттарды толық немесе дұрыс ұсынбау;
  • ·         берілген мамандыққа қатысушылардың сәйкес келмеуі (1-қосымшаны қараңыз).

Іріктеу критерийлеріне сәйкес келетін қатысушылар Олимпиаданың екінші (финалдық) кезеңіне шақырылады.

Екінші кезең – финалдық, байқау түрінде өткізіледі:

1 – ші тапсырма – университет пен команданың презентациялық бейне ролик (видео түрінде) (регламент 2 минут, MP4, AVI, MOV форматында, максимум 20 балл) және команда капитанының Олимпиада тақырыбы бойынша сөзі: «Мықты өңірлер – қуатты : маркетологтың көзқарасы» (регламент 3 минут, максимум 10 балл)

2 – ші тапсырма – әлеуметтік жобаны (регламент 8 минут) және «Инновациялық маркетингтік технологияларды қолдана отырып, өңірінің брендін құру» тақырыбындағы бейнероликті таныстыру. Бейнероликтің толық масштабты және қысқартылған нұсқаларын ұсыну қажет (сәйкесінше 1 минут пен 10 секундтан артық емес, MP4, AVI, MOV форматында 1), (максимум 40 балл, 2 - қосымшаны қараңыз);

3 – ші тапсырма – кейс-стади талдауын таныстыру (регламент 3 минуттан артық емес, максималды 30 балл).

Финалдық кезеңнің қорытындысын шығару кезінде әділқазылар алқасы әр тапсырманы орындау кезінде команда алған барлық ұпайларды ескереді және жинақтайды.

Барлық командалар арасында балл сомасы бойынша ең жоғары болып табылатын университет командасы жеңімпаз болып танылады.

Бірінші, екінші және үшінші орын алған жеңімпаздар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры қол қойған және мөрімен бекітілген елтаңбалы дипломдармен марапатталады:

  • ·         І орын үшін – І дәрежелі Диплом (1 команда);
  • ·         II орын үшін – II дәрежелі Диплом (2 команда);
  • ·         III орын үшін – III дәрежелі Диплом (3 команда).

Олимпиада аяқталғаннан кейін дипломдар ұсынылады. Олимпиаданың нәтижесі ҚР БҒМ-не жіберіледі.

Республикалық студенттік пәндік Олимпиадаға қатысқан барлық қатысушылар сертификатқа ие болады.

Өтініш пен тапсырма 2020 жылдың 12 наурызынан кешіктірмей, сағат 24:00-ге дейін келесі электрондық мекен-жай бойынша жіберіледі: olimpiada0320@gmail.com 

 

Ұйымдастыру комитетінің үйлестірушісі:

Едилбаев Бауыржан Темирболатович

Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:

Товма Наталия Александровна

Шуренов Нурсултан Бекетович

 

Байланысатын тұлға:

Тулебаева Назым Тулебаевна +7 747 777 64 61, +7 (727) 221-13-96

 

050040, Алматы қ., Әл-Фараби даңғылы, 71, БОҒ 3Б, Экономика және бизнес Жоғары мектебі, «Бизнес-технологиялар» кафедрасы, 213 кабинет, тел. 7 (727) 221-13-96. Олимпиада туралы ақпарат:

Олимпиада бойынша ақпараттық хат.онлайн.docx

«5В051100 – Маркетинг» мамандығы бойынша ХІІ Республикалық студенттік пәндік олимпиада