1. Жалпы ережелер

  • 1.1. Қашықтан оқыту технологиялары бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру ережелері (бұдан әрі ережелер) ҚР "Білім туралы" Заңына; ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің мемлекеттік білім беру стандартына (жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 5 мамырдағы № 182 бұйрығы); "Қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы" ҚР Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 137 бұйрығына (жаңа редакцияда – ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 28 тамыздағы № 374 бұйрығы); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 28 қыркүйектегі № 508 "Формальды емес білім беретін белгілі ұйымдардың тізіміне енгізілген ұйымдар ұсынатын, формальды емес білім арқылы ересектер алған оқыту нәтижелерін тану ережелерін бекіту туралы" бұйрығына; ҚР БҒМ, Астана қ. 2 № 14-4_829-ІH кіріс хатының (2020-2021 оқу жылының күзгі семестріне ұйымдардың дайындық Чек-парағының жобасы (2928179 v1)) қосымшасына, қашықтан білім беру технологияларын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді қолдану арқылы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (бұдан әрі – Университет, ҚазҰУ) оқу үдерісін ұйымдастыру тәртібін айқындайтын, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың академиялық саясатына сәйкес жасалған. 
  • 1.2. Осы Ережелер ішкі нормативтік құжат болып табылады және мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде және білім беру қызметін ақылы көрсету шарттары негізінде қаржыландырылатын қашықтан оқыту технологияларын қолдану арқылы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын кредиттік технология шеңберінде ҚазҰУ-да іске асырудың міндетті талаптары мен тәртібін айқындайды. 
  • 1.3. Қашықтан білім беру технологияларын (бұдан әрі – ҚБТ) қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастыру білім алушылардың академиялық күнтізбеге сәйкес білім беру бағдарламаларын меңгеруі үшін жүзеге асырылады.
  • 1.4. Университетте ҚБТ қолдану арқылы оқу үдерісін ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
  • 1) оқытуды жекелендіру;
  • 2) оқытудың тиімділігін (сапасын) арттыру;
  • 3) дәстүрлі оқыту нысандары қолжетімсіз болып табылатын тұлғаларға білім беру қызметтерін ұсыну.
  • 1.5. Қашықтан білім беру технологиясының субъектілері (қатысушылары) білім алушылар, педагог қызметкерлер, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және өзге де білім беру ұйымдарының қызметкерлері болып табылады.
  • 1.6.ҚБТ-ны іске асыру телевизиялық, желілік және кейс-технология бойынша жүзеге асырылады.
  • 1.7. ҚБТ-ны қолдану арқылы оқу үдерісін жоспарлау және ұйымдастыру кезінде оқу жұмысының түрлері бойынша уақыт нормалары педагогикалық жүктемені есептеу үшін бекітілген нормативтерге сәйкес белгіленеді.
  • 1.8. Осы Ережелерде келесідей терминдер мен анықтамалар қолданылады:
  • білім алушылардың академиялық ұтқырлығы – білім алушылардың немесе зерттеуші оқытушылардың белгілі бір академиялық кезең (семестр немесе оқу жылы) ішінде өз ЖОО-ның басқа факультеттерінде немесе басқа ЖОО-да (ел ішінде немесе шетелде) оқуын жалғастыру үшін игерілген оқу бағдарламаларын, пәндерді академиялық кредиттер түрінде міндетті түрде қайта тапсыра отырып, оқу немесе зерттеулер жүргізу үшін ресурстар мен көрсетілетін қызметтерді пайдалануы;
  • академиялық күнтізбе – оқу жылы ішінде оқу және бақылау іс-шараларын, практикаларды өткізу, демалыс күндерін (демалыс және мереке) ескере отырып құрылған күнтізбе;
  • Университеттің Академиялық комитеті – Университеттің білім беру қызметінің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайтын, алқалы басқарушы және атқарушы басқару органы;
  • академиялық кредит – білім алушының және (немесе) оқытушының ғылыми және (немесе) оқу жұмысы (жүктемесі) көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі;
  • қашықтан оқыту – оқыту нысандарының бірі, электрондық және телекоммуникациялық құралдар арқылы білім беру ұйымдарынан алыс орналасқан тұлғалардың оқу-танымдық қызметі мен дамуына мақсатты және әдістемелік ұйымдастырылған басшылық. Орны мен уақытына қарамастан жеке режимде үздіксіз оқу мүмкіндігін ұсынады. Қашықтан оқыту синхронды және бейсинхронды болуы мүмкін;
  • синхронды оқыту (бір мезгілде, нақты уақыт режимінде) – білім алушының оқытушымен, курстастарымен жоспарланған уақытта онлайн режимде (вебинарлар, бейнеконференциялар, чаттар, интернет желісі бойынша хабарламалармен алмасу арқылы) тікелей қарым-қатынаста болуы;
  • бейсинхронды оқыту (бір мезгілде емес) – білім алушылар курстың мазмұнына оқу кестесінен тыс уақытта қол жеткізе алады және өз кестесі бойынша тапсырмаларды орындай алады, оқытушымен және курстастарымен онлайн-әңгімелесу арқылы сөйлесе алады, тек оқытушы белгілеген тапсырмалардың тапсыру мерзімдерін ұстанады;
  • әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ақпараттық-білім беру жүйелері (АБЖ) – оқу үдерісін автоматтандырудың ақпараттық Univer жүйесі, Moodle қашықтан оқыту жүйесі;
  • жеке оқу жоспары (ЖОЖ) – білім беру бағдарламасы және элективті пәндер каталогы негізінде эдвайзердің көмегімен әрбір оқу жылына білім алушының білім беру траекториясын көрсететін құжат;
  • білім алушыларды қорытынды аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім алушылардың оқу пәндерінің және (немесе) модульдердің көлемін және білім беру бағдарламасында көзделген оқу қызметінің өзге де түрлерін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
  • қорытынды бақылау емтихан түрінде аралық аттестаттау кезеңінде өткізілетін оқу пәні бағдарламасын меңгеру сапасын бағалау мақсатында білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау, егер пән бірнеше академиялық кезеңдерде оқылса, онда қорытынды бақылау осы академиялық кезеңде оқылған пән бөлігі бойынша жүргізілуі мүмкін;
  • кампус курсы (SPOС, ағылш. small private online course) – ЖАОК нұсқасы. Ұйымда ресми оқытуды жүзеге асыруда қолданылатын шағын жабық онлайн курс. Шағын академиялық топтарға бағытталған. "Төңкерілген класс" моделін жүзеге асырады. Осыған байланысты кампус курсы курстан өте алатын және бүкіл оқу үдерісінде бір-бірімен өзара әрекеттесуге дайын студенттердің белгілі бір топтарына бағытталған;
  • кейс технологиясы қағаз, электронды және өзге де тасымалдағыштарда оқу-әдістемелік материалдар жиынтығына (кейстерге) және оларды өз бетінше зерделеу үшін білім алушыларға жеткізуге негізделген технология;
  • ҚБТ қолданылған оқу бағдарламаларының үйлестірушісі – басшылық қызмет атқармайтын, факультетте ҚБТ қолдану арқылы, оқу үрдісін ұйымдастыруда ақпараттық, әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыратын факультет оқытушысы;
  • жаппай ашық онлайн-курс (бұдан әрі – ЖАОК) – электронды оқыту технологияларын қолданып, жаппай интерактивті қатысуды іске асыратын және Интернет арқылы қол жетімді оқу курсы;
  • мультимедиа – пайдаланушыға әртекті деректермен (графика, мәтін, дауыс, бейне) жұмыс істеуге мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені;
  • формальды емес білім беру – оқыту мерзімдері мен формаларын ескермей, оқыту нәтижелерін растайтын құжат берілетін білім беру қызметтері;
  • білім беру порталы – ҚБТ бойынша білім беру үдерісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, әкімшілік-академиялық және оқу-әдістемелік ақпараты бар, ақпараттық ресурстар мен Интернет сервистерінің өзара байланысы бар желілік жиынтығы;
  • онлайн оқыту – нақты уақыт режимінде интернет арқылы оқытудың бір түрі. Онлайн оқыту кезінде студенттер аудиторияда оқытушымен бірге, сондай-ақ кез келген жерде қашықта бола алады және сандық технологиялар мен сандық бағалау формаларын қолдану арқылы оқи алады;
  • онлайн прокторинг – білім алушылар көрсеткен нәтижелердің шынайылығын растау үшін онлайн емтихан кезінде білім алушының тәртібін тексеру, талдау және бақылау рәсімі;
  • онлайн платформа – онлайн курстарды тегін оқуға мүмкіндік беретін, ашық онлайн білім беру порталы;
  • ЖББП – жалпы білім беретін пәндер циклі, міндетті компонент, жоғары оқу орны компоненті және (немесе) таңдау компоненті пәндерін қамтиды;
  • “төңкерілген класс” – аралас оқытудың бір түрі, оқу үшін қажетті оқу материалдары білім алушыларға алдын ала беріледі, ал аудиториялық уақыт оқытушы мен білім алушылардың бірлескен белсенді қызметінен тұрады;
  • дербес оқу ортасы – студентке оқу үшін қолайлы жағдай жасайтын оқу құралдарының, әлеуметтік сервистердің, ақпараттық ресурстардың, оқу қызметі субъектілерінің жиынтығы;
  • жарты семестрлік емтихан (Midterm Examenation) –академиялық кезеңнің 10-аптасында өткізілетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;
  • DBA бағдарламасы – практикалық тәжірибесі бар, сондай-ақ бейіні бойынша доктор дәрежесін бере отырып, менеджменттің заманауи тұжырымдамалары мен модельдерін игеру және дамыту үшін қолданбалы зерттеулер жүргізуге мүдделі басқарушы кадрларды, жоғары буын менеджерлерін даярлауға арналған білім беру бағдарламасы;
  • executive MBA бағдарламасы (бұдан әрі – ЕМВА) – бұл мақсатты аудиторияның ерекшеліктерін ескере отырып, топ-менеджерлерді даярлауға бағдарланған МВА бағдарлама;
  • МВА бағдарламасы – бизнес саласындағы заманауи білімдер мен дағдыларды меңгерген, үдерістер мен кадрлық активтерді басқаруға, компанияның стратегиясын жасауға, стратегиялық және оперативті міндеттерді анықтай білуге және ғылыми аспаптарды қолдану арқылы, оларға қол жеткізе білуге қабілетті басқарушы кадрлар даярлау бағдарламасы;
  • қос дипломды білім бағдарламасы – қос диплом (Double Major) немесе бір негізгі және екінші қосымша диплом (Major-Minor) алу мақсатында серіктес университеттер арасындағы бағдарламаларды бірнеше оқу жоспарлары (білім беру бағдарламалары) бойынша қатар оқу мүмкіндігімен салыстыруға және үндестіруге негізделген білім бағдарламасы;
  • білім алушыларды аралық аттестаттау – емтихан сессиясы кезеңінде білім алушылардың, толық курстың немесе бөлігінің игеру сапасын бағалау мақсатында өткізілетін рәсім;
  • оқу нәтижелері – білім алушының білім беру бағдарламаларын және қалыптасқан құндылықтар мен қатынастарды меңгергендігін көрсете алған білімі, білігі, дағдылары көлемін дәлелді бағалау;
  • білім алушыларды аралық аттестаттау – білім алушылардың оқу пәнін меңгеру аяқталғаннан кейін оның бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында емтихан сессиясы кезеңінде өткізілетін рәсім;
  • сертификат – онлайн-платформада білім алушының оқу нәтижелерін бағалауды және игерілген академиялық кредиттер (сағат) санын растайтын құжат. Сертификат онлайн-платформада оқу нәтижелерін ресми түрде рәсімдеу фактісін растайтын оқу туралы анықтама, расталған сертификат немесе басқа да құжат бола алады. Университетің аты, білім алушының аты-жөні, курстың аталуы және кредиттер көлемі көрсетілген, қолмен және мөрмен расталған электронды сертификат сілтемесі тыңдаушыға еркін формада беріледі:
  • –       онлайн операторлар – Қазақстанның ашық білім беру Ұлттық платформасы (бұдан әрі – ҚАБҰП), егер оқу ҚАБҰП– moooc.kz өтсе;
  • –       немесе егер оқу әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ЖАОК – open.kaznu.kz онлайн платформасында өтсе, ҚазҰУ-дың оқу ісі жөніндегі проректорымен.
  • желілік (өзара) оқыту (англ. networked learning, peer-to-peer learning) – білім алушылар бір-бірін оқытатын, бір-бірімен орындалған тапсырмаларды өзара тәуелділік пен жауапкершілік жағдайында бағалап, үйлесімді өзара оқу ортасын құру технологиясы; білім алушыларды оқу үдерісіне тартуға, ынталандыруға ықпал етеді, қарым-қатынас дағдыларын дамытады;
  • желілік технология – оқу-әдістемелік материалдармен қамтамасыз етуді, білім алушылардың оқытушылармен және бір-бірімен интерактивтік өзара іс-қимыл нысандарын, сондай-ақ интернет желісін пайдалану негізінде оқу үдерісін әкімшілендіруді қамтитын технология;
  • аралас оқыту (ағылш. blended learning) – білім беру тұжырымдамасы, оның шеңберінде білім алушы пәнді өз бетінше онлайн, сондай-ақ оқытушымен бетпе-бет оқиды. Дәстүрлі әдістер мен өзекті технологияларды біріктіруге мүмкіндік береді (мысалы – "төңкерілген класс" технологиясы»);
  • ағымдағы бақылау – академиялық кезең ішінде оқытушымен аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда жүргізілетін оқу бағдарламасына сәйкес білім алушылардың білімін жүйелі тексеру;
  • телевизиялық технология – телевизияның эфирлік, кабельдік және спутниктік жүйелерін пайдалануға негізделген технологиялар;
  • тьютор – студентке нақты пәнді және (немесе) модульді игеруге көмектесетін академиялық кеңес беруші рөлін атқарушы оқытушы;
  • сандық волонтер – оқытушылар / студенттер үшін көмекші рөлін атқаратын және факультетте ҚБТ қолдану арқылы оқыту үдерісін ұйымдастырушылық, ақпараттық, әдістемелік жағынан сүйемелдейтін университеттің білім алушысы;
  • сандық контент – цифрлық оқу материалдарын ақпараттық (мәтіндер, графикалар, мультимедиалар және өзге де маңызды толықтырулар) толықтыру;
  • сандық профиль / портфолио – электрондық нысанда ұсынылған білім беру үдерісінің, субъектілерінің білім беру, кәсіптік немесе өзге де қызметі туралы ақпаратты, қамтитын деректер жиыны;
  • сандық із білім беру үдерісінің субъектілерінің интернетте цифрлық құрылғыларды пайдалана отырып іс-әрекеттерді орындауы барысында алынған, тіркелетін деректердің бірегей жиынтығы;
  • сандық білім беру ресурстары (бұдан әрі – СБР) – бұл интерактивті түрде оқытуды қамтамасыз ететін, оқу пәні бойынша дидактикалық материалдар: фотосуреттер, бейнефрагменттер, статистикалық және динамикалық үлгілер, виртуалды шынайылық пен интерактивті модельдеу нысандары, дыбыстық жазбалар мен өзге де цифрлық оқу материалдары;
  • пәннің оқу-әдістемелік кешені (е-ПОӘК) – силлабустан, дәрістердің қысқаша конспектінен, зертханалық, практикалық және семинарлық сабақтарға арналған тапсырмалардан, СӨЖ/МӨЖ/ДӨЖ арналған тапсырмалардан тұратын құжат, сабақтардың тақырыптары мен түрлері бойынша өзіндік жұмыс істеуге арналған оқу-практикалық материал (кейстер, есептер жинағы, талдау және т.б. мақалалар), пәннің әдістемелік қамтамасыз етілу картасы, сандық блок контенті;
  • 1.9. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ҚБТ келесі қатынастарда пайдаланылады:
  • 1)   техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру базасындағы қысқартылған білім беру бағдарламалары және MBA (ЕМВА) және DBA бағдарламалары бойынша білім алушыларға;
  • 2)   ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларға, оның ішінде мүгедек балаларға, бала кезінен мүгедектерге, I және II топтағы мүгедектерге барлық білім беру деңгейлеріндегі топтарға;
  • 3)   жоғары және (немесе) жоғары білім беруден кейінгі білім бағдарламалары бойынша білім алушылардың алмасу бағдарламалары бойынша мемлекеттен тыс жерлерге шыққан, «Болашақ» стипендиаттарынан бөлек білім алушыларға;
  • 4)  жоғары білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша ұзақ мерзімді шетелдік іссапардағы (2 айдан астам уақыт) білім алушыларға;
  • 5)   жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алушыларға;
  • 6)   қос дипломдық бағдарламалар және алмасу бағдарламалары бойынша білім алушыларға;
  • 7)  шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен бірлескен білім беру бағдарламалары бойынша оқитындарға;
  • 8)  жекелеген пәндер бойынша blended learning (аралас оқыту) форматында ЖАОК пайдалана отырып, күндізгі бөлімде білім алушыларға;
  • 9)  қосымша білім беру бағдарламалары бойынша blended learning (аралас оқыту) форматында ЖАОК пайдалана отырып, сыртқы тыңдаушыларға;
  • 10) мекемелердегі тиісті техникалық жағдайларға байланысты минималды қауіпсіздік мекемелерінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарға қатысты;
  • 11) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқитын және мемлекеттен тыс жерлерде жүрген шетелдіктерге, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ тұлғаларға;
  • 12) тиісті мемлекеттік органдардың шектеу шаралары, оның ішінде карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайларында білім беру саласындағы уәкілетті органның ұсынымы негізінде қосымша білім берудің, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларға қатысты қолданылады.
  • 13) ҚБТ-ны қолдану арқылы оқыту күндізгі оқу мүмкіндігі болмаған жағдайда факультеттің дәлелді негіздемесі бар ұсынысы және университеттің академиялық комитетінің шешімі негізінде жоғарыда аталмаған басқа жағдайларда білім алушыларға да қолданылуы мүмкін.
  • 1.10. ҚБТ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген білім алудың барлық нысандары кезінде, оның ішінде бейресми, қосымша білім беруге, қайта даярлауға және біліктілікті арттыруға қатысты, оның ішінде шет тілдерінде қолданылады.
  • 1.11. Жоғарыда аталған барлық жағдайларда білім алушылардың пән оқытушыларымен өзара оқу іс-қимылы ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.
  • 1.12. Қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар кредиттерді тек білім беру компоненттері немесе оқу пәндері бойынша меңгереді.
  • 1.13. Университеттің Академиялық комитетінің және факультеттің Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде күндізгі бөлім студенттеріне жекелеген пәндер бойынша ЖББП блогындағы пәндерді қосқанда жаппай ашық онлайн-курстар форматындағы курстарды оқуға болады. Жаппай ашық онлайн курстар форматында оқытылатын пәндер бойынша кредиттерді қайта есептеу курсты жасаған кафедра бөлімімен жүзеге асырылады.
  • 1.14. Жаппай ашық онлайн-курстар форматында оқытылған пәндер бойынша кредиттерді қайта есептеу толық немесе ішінара болуы мүмкін. Қайта есептеу көлемі күтілетін оқу нәтижелеріне сәйкес анықталады.
  • 1.15. Қашықтан білім беру технологияларын қолдану арқылы оқыту кезінде оқу үдерісін талдау және жетілдіру мақсатында цифрлық ізді жинау және цифрлық профильді қалыптастыру арқылы білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің қызметі белгіленуі мүмкін.
  • 1.16. Сандық із деректерінің көздері:
  • субъектінің өзі оның қызметі туралы енгізетін ақпарат және оқытудың нәтижелілігін бағалау және т. б.;

  • онлайн-оқытудың немесе бағалаудың/диагностиканың цифрлық білім беру платформаларынан деректерді автоматты түрде тіркеу және беру;
  • білім алушылардың жұмысы және әзірлеу/коммуникация орталарында деректерді жинақтау кезінде деректерді немесе оларға сілтемелерді автоматтандырылған тіркеу және беру;
  • биометриялық деректерді жинауға арналған технологиялық шешімдер болуы мүмкін.
  • 1.17. Егер оқудың күтілетін нәтижелерін қалыптастыру қашықтан білім беру технологияларын қолдануға мүмкіндік берсе, онда оқыту үшін тек дәстүрлі ғана емес, қашықтан оқыту әдістері жекелеген тиімді педагогикалық технологиялар стандарттары және оқу нәтижелерін бақылау мен болжау рәсімдері арқылы жүзеге асады.