Дәрігерлер құнды кеңес берді

Жуырда Органикалық заттар, табиғи қосылыстар мен полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасы "Туберкулез және жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулар" тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізді. Өйткені, туберкулез бен жыныстық жолмен берілетін жұқпалы аурулардың адам ағзасына келтірер зияны орасан.

Кездесуге С. Асфендияров атындағы мемлекеттік университетінің оқытушылары, медицина ғылымдарының кандидаттары, доценттер К.А. Өмешова мен А.Т. Жұмабековалар, сонымен бірге аталған университет пен Қазақстан-Ресей медицина университеттерінің студенттері шақырылды.

С. Асфендияров атындағы мемлекеттік медицина университетінің студенттері тубркулез ауруына байланысты сұрақ-жауап сайысын өткізіп, сауалдың дұрыс жауабын тапқандарға сыйлықтар берді. Сонымен қатар Қазақстан-Ресей медицина университетінің студенттері де өздері дайындаған қызықты материалдарымен бөлісті. Медицина ғылымдарының кандидаттары К.А. Өмешова мен А.Т. Жұмабековалар жиналғандар алдында сөз сөйлеп, жұқпалы аурулар туралы қарапайым көпшілік біле бермейтін көптеген деректер келтірді. Бұл аурулардың қауіптлігі неде, оларды жұқтырмау үшін не істеу керек, осы және өзге де сұрақтар төңірегінде көптеген қызықты мәліметтер келтірді.