2020 жылдың 14 ақпанында «Цифровизациялау шарттары бойынша Орталық Азия аймағында инженерлік-техникалық білім беруді модернизациялау. Халықаралық аккредитация» атты халықаралық конференция

14 ақпанында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Ғылыми кітапханасында, Қазақстан инженерлік білім беру қауымдастығының (KazSEE), Ходжент келісіміне қатысушы елдердің, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыруымен «Цифровизациялау шарттары бойынша Орталық Азия аймағында инженерлік-техникалық білім беруді модернизациялау. Халықаралық аккредитация» атты халықаралық конференция өтті.

Конференцияның негізгі серіктестері Инженерлік білім беру саласындағы Еуропалық желі (ENAEE), әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Ресей инженерлік білім беру қауымдастығы (АИОР), Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті, Қарағанды мемлекеттік индустриалдық университеті, Қазақстан жоғары мектебі Ұлттық Ғылым академиясы, Білім сапасын аккредитациялау мен сараптау жөніндегі тәуелсіз агенттік (ARQA).

Конференцияға Қазақстанның жоғары оқу орындарының, аккредитациялық агенттіктердің, халықаралық ұымдардың өкілдері, аккредитация мен біліктілікті арттыру саласындағы халықаралық және отандық ұйымдардың ғалымдары мен сарапшылары қатысты.

Жоғары оқу орындары ұлттық және жаһандық деңгейде бәсекелестікке төтеп беру үшін қандай талаптарға сай болуы керек? Жоғары оқу орындарының түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие болуы үшін не істеу керек? Конференцияға қатысушылар осы және өзге мәселелер бойынша ойларын ортаға салды.

Білім сапасын көтеру үшін аса маңызды бұл конференцияға, сонымен бірге, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Химия және технология факультетінің оқытушысы қатысып, сертификат алды.