“Қазіргі заманғы қытайды зерттеу” орталығы

Қазіргі заманғы Қытайды зерттеу орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Ғылыми кеңесінің 2012 жылғы 26 маусымда өткен № 9 мәжілісінің шешімінмен (№ 6-22-883) университет жанынан ашылды.

Орталықтың директоры болып тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Мұқаметханлұы тағайындалды.

 

Орталықтың мақсаты: Қытай туралы іргелі, стратегиялық және қолданбалы маңызы бар тақырыптар бойынша зерттеулер жүргізу.

Міндеттері:

- Қазіргі таңдағы Қытайдың саяси экономикалық және әлеуметтік жағдайын және болашақ даму беталысын зерттеу;

- Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы дипломатиялық қатынастар, сауда-экономикалық және мәдени байланыстар мен қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселер бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу;

- Қытайтану ғылымы бойынша қолданбалы танымдық оқу құралдарын жазу және курстар өткізу арқылы қытайтану ғылымының базалық негіздерін жетілдіру;

- Қытай зерттеу ғылымын оқу процессімен ұштастыру арқылы қытайтанушы әр сала мамандарын дайындау;

- Шетелдік Қытайды зертеу институттары және орталықтарымен ғылыми байланыстар орнату, олармен ғылыми ақпараттар алмасу және ынтымақтасып зерттеу жүргізу.