Қазақстанда жапон тілінен онлайн шешендік өнер сайысы өтті

24.03.2022

Көрулер: 1399

2022 жылдың 12 наурызында Қазақстан жапон тілі мұғалімдері қауымдастығының және Жапонияның Қазақстандағы елшілігінің бірлескен демеушілігімен 24-ші Қазақстандық жапон тілі бойынша шешендік өнер байқауы өтті. Байқауға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, Қазақ Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және Қазақстан-Жапония адами даму орталығынан 14 студент қатысып, жапон тілінде баяндама жасады. Цукуба университеті іс-шараның демеушісі ретінде сөз сайысына қатысушыларға сыйлықтар табыс етті.