4-ші симпозиум «Болашаққа бағдарланған жапон тілін оқыту»
17.03.2022
Көрулер: 1079
2021 жылдың 16 ақпанында Цукуба университетінің Алматыдағы өкілдігінің директоры, Цукуба университетінің Жаһандық коммуникациялық білім беру орталығының (CEGLOC) мүшесі, профессор ОНО Масаки «Болашаққа бағдарланған жапон тілін оқыту» тақырыбымен 4-ші симпозиум өткізді. Сондай-ақ, Жапония және басқа елдердің көшбасшыларымен Flipped Classroom принципін оқыту, және оқу материалдарын әзірлеу жайында баяндады. Алматылық өкілдіктің үйлестірушісі, профессор НИНОМИЯ Такаши ҚазҰУ Шығыстану факультетінің жапон тілі оқытушылары әзірлеген Туризмге арналған жапон тілінің онлайн оқу материалдары жобасы бойынша аралық есебі бойынша баяндама жасады.