Center activities

Мансапты жоспарлау курсында Цукуба университетінің Алматы кеңсесінің қызметімен танысу

17.03.2022

2021 жылдың 9 қарашасында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры НИНОМИЯ Такаши және Цукуба университетінің Алматыдағы кеңсесінің үйлестірушісі Цукуба университетінде «Мансаптық дизайнға кіріспе» дәрісі барысында баяндама жасады. Ол 70-ке жуық бакалавриат студенттеріне Алматыдағы кеңсенің қызметі және Ковид-19 инфекциясының Қазақстандағы қоғам мен университеттерге әсері туралы әңгімеледі. Сонымен қатар, профессор Ниномияның баяндамасы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің студенттері Айсауытова Айбану мен Жалмухамбет Шолпан (екеуі де бакалавриаттың 4 курс студенттері) және Қанапия Айтолқын (2 курс магистранты) жапон тілін үйренуге қатысты алдағы жоспарлары туралы айтты. Цукуба университетінің студенттері «Жапония мен Қазақстанның қандай ұқсастықтары бар?», «Жапон тілін үйренуде қандай қиындықтар бар?» және «Қазақстанның алдында қандай әлеуметтік мәселелер орын алады?» деген сұрақтар қойды.

Ары қарай оқу >>

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорымен халықаралық кездесу өтті

17.03.2022

2021 жылдың 6 желтоқсанында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев әлемнің 30-ға жуық елінің шетелдік профессорлары және ғалымдармен гибридті форматта кездесу өткізді. 50-ге жуық елдің 550 университетімен және ғылыми орталықтарымен екіжақты және ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды. әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің профессоры және Цукуба университетінің Алматыдағы кеңсесінің үйлестірушісі НИНОМИЯ Такаши 15 жыл бұрын басталған Қазақ Ұлттық университетінің академиялық және ғылыми алмасулары туралы айтты. Екі университеттің көптеген студенттері шетелдік серіктес университеттерде білім алған. Қазіргі таңда, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Campus-in-Campus (CiC) жобасына қатысады және анағұрлым тығыз серіктестік құруды мақсат етеді. Профессор НИНОМИЯ екі университеттің оқытушылары 2021 жылдан бері жұмыс істеп жатқан Қазақстандағы туризм үшін жапон тілін үйрену жобасы жайында да сөз қозғады.

Ары қарай оқу >>

Тілдік білім беру әдістемесі бойынша академиялық семинар өтті

17.03.2022

26 қараша 2021 ж. ҚазҰУ ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті. әл-Фараби тіл білімі әдістемесі бойынша академиялық семинар ұйымдастырды. Жапония, Қазақстан, Қырғызстан және Түркиядан келген шет тілі мұғалімдері тілді оқыту әдістемесі мен оқу материалдары бойынша баяндама жасады. ҚазҰУ-дың Жапониядан келген профессоры, Цукуба университетінің Алматыдағы өкілдігінің үйлестірушісі Ниномия Такаши Цукуба университетінің гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің профессоры ОНО Масакимен бірлесе отырып, туризм үшін жапон тілін үйрену жобасын ұсынды. Toshiba International Foundation қолдауымен жапон тілін үйренушілер үшін Қазақстанда жапон тілінің онлайн курсын құруға бағытталған жоба ұйымдастырылды. Курс барысында студенттер сөйлем құрылымын, тыңдау және сөйлеу дағдыларын үйренеді. Бұл жоба түсіндіру тәжірибесіне, гидтерге қажетті дағдыға, сондай-ақ студенттер өздері біледі деп есептейтін Қазақстан туралы жалпы білімді қайта ашатын «зерттеу және презентацияға» бағытталған.

Ары қарай оқу >>