КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

30.05.2018

Көрулер: 3337

БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ

ТӨЛҚҰЖАТЫ 

PhD ДОКТОРАНТУРА

6D072100 – Органикалық затардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша

Білім деңгейі 7

Ғылыми және педагогикалық дайындау бағытында

6D072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі тағайындалады

Үйлестіруші


 

 

Литвиненко Ю.А. 

 

Әзірлеушілер

 

Турмуханова М.Ж,

 

Корулькин Д.Ю.

 

Сейтимова Г.А.

1. Білім беру бағдарламасының жалпы сипаттамасы 

1.1. Білім беру бағдарламасының (ББ) мақсаты мен міндеттері 

Міндеті: Кадрлық потенциал қалыптастыру–мемлекет дамуына үлес қосатын отандық және халықаралық нарықта   жоғары сұраныстарға ие біліктілігі жоғары мамандар дайындау.

«6D072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» білім беру бағдарламасының мақсаты білімі жетерлік, білімін жаңа нысандарда көрсете алатын, бәсекеге қабілетті мамандар дайындаумен қамтамасыз ету, сондай-ақ органикалық заттар, синтетикалық және табиғи материалдардың химиясы мен химиялық технологиясы аясында жаңа білімдерін түрлендіре алу, заманауи әлемдік беталысқа сай органикалық заттар мен полимерлердің технологиясын жетілдіру сұрақтарын шеше алу; өндірістік тапсырмаларды кәсіби деңгейде тұжырымдай білу және соның көмегімен заманауи технологияны меңгеру; әлем деңгейінің ойларын негізге ала отырып белсенді азаматтық позицияда болу. 

1.2 ББ негізгі көрсеткіштері  

ББ түрі: докторантураPhD 

ББ мерзімі: 3 жыл

Оқу түрі: күндізгі

Теоретиялық оқу түрі: 15 кредит

1.3   ББ қысқаша сипаттамасы 

 

«6D072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығына арналған бұл бағдарлама шетелдің жоғарғы оқу орындарының талаптарына сай құрастырылған. Білім беру бағдарламасы білікті тәсіл негізінде модульдік қағида бойынша құрастырылған.

Мамандық бойынша келесі бағыттар қарастырылған:

  1. 6D072101 Синтетикалық органикалық заттардың химиялық технологиясы
  2. 6D072101 Табиғи қосылыстардың химиялық технологиясы
  3. 6D072101 Полимерлі материалдардың химиялық технологиясы

2. Оқыту нәтижелері үлгісіндегі біліктілік талаптары 

2.1    Күтілетін нәтижелер 

Бұл бағдарлама аяқталғаннан кейін, студенттерден күтілетін қабілеттіліктері:

  1. ғылыми-зерттеу жұмысына икемділігін көрсету, стандарты ғылыми тапсырмаларды шеше білу;  
  2. эксперименттік әдістердің нәтижелерін түсіндіре алу;
  3. ғылыми зерттеу жұмысында жаңа ойларды дамыту және жүзеге асыра алу; үдерістер мен құбылыстардың сараптамасында жүзеге асқан тұжырымдама мен теорияны сараптай алу; жаңа белгісіз жағдайларда зерттеу жұмысын шешу үшін әртүрлі пәндерден алған білімдерін біріктіре алу;  
  4. технологиялық тапсырма аясында кездесетін толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде пайымдауды бағалау және шешім қабылдау;      
  5. ғылыми зерттеу әдістемесін жасау: білімнің жаңаланып отыруын талап ететін жоғарғы оқу орындарында кәсіби дағдылары мен шеберлігін; 
  6. қазіргі заманғы ғылыми және практикалық мәселелерді тұжырымдау және шеше білу, таңдаған ғылыми мамандығы бойынша ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметті ұйымдастыру және жүргізуге қабілетті болуы; 
  7. алған білімдерін біртума идеяларды ғылыми зерттеулер тұрғыда дамыту үшін қолдана білу;  
  8. заманауи ақпараттық технологияларды тарта отырып, ақпараттық-талдамалық және ақпараттық-библиографиялық жұмысын жүргізуге қабілетті болуы; 
  9. жүзеге асқан тұжырымдама, теориялар мен үдеріс сараптамалары мен құбылыстарды сыни көзбен бағалай алу; жаңа белгісіз жағдайларда зерттеу жұмысын шешу үшін әртүрлі пәндерден алған білімдерін біріктіре алу; Толық емес немесе шектеулі ақпарат негізінде білімді біріктіру жолымен пайымдай алу және шешім қабылдай алу;  

10.  көмірсутекті шикізаттың химиясы мен химиялық технологиясы дамуының заманауи тенденцияларын білу; белгіленген қасиеттері бар жаңа синтетикалық дәрілік заттар мен органикалық қосылыстарды молекулалық модельдеудің (үлгілеу) заманауи тәсілдемелер, стратегиялар және әдістерін білу; органикалық заттардың «құрылымы – қасиеті» өзара байланыстары; 

11.  жаңа мәселелер мен жағдайларды шешуде баға бере алу және шығармашыл өзгеріс жасай білу; диссертация, ғылыми мақала, есеп беру, аналитикалық жазбалар және т.б. түріндегі ғылыми-зерттеу және аналитикалық жұмыстар нәтижелерін жинақтай білу;

12.  технологиялық облыстағы күрделі мәселелерді шешу шешім қабылдай алу және дәлел келтіре білу.  

2.2              ББ әрбір модулі бойынша күтілетін нәтижелер 

"Көмірсутекті шикізатты кешенді өңдеу" модулі

 

Білім алушы пәнді меңгеруі нәтижесінде келесі қабілеттіліктерді игеруі керек:

  1. көмірсутекті шикізатты кешенді қайта өңдеу саласындағы зерттеу әдістемесі мен әдістерін меңгеруінің теориялық және тәжірибелік аспектілерін жүйелі түсінуі;
  2. мұнай өңдеу саласында арнайы облысқа инновациялық жобаларды жасау, дамыту және бейімдеу;
  3. көмірсутекті шикізатты кешенді өңдеудің зерттеу нәтижелерін түсіндіре алу;
  4. өңдеудің технологиялық үдерістеріндегі кемшіліктерді түсіндіре алу және тәжірибелік мәлімет қорытындыларын жинақтай алу;
  5. көмірсутек шикізатын өңдеудің технологиясын сараптай алу және бағалай білу;
  6. көмірсутек шикізатының табиғаты мен құрамына тәуелді өңдеудің әдістемесі мен тәсілдерін саралау;
  7. көмірсутек шикізатын өңдеу үдерісінің тиімділігін арттыру үшін жаңа ойлар мен тәсілдерді түрлендіру;
  8. көмірсутек шикізатын терең өңдеу облысында дәстүрлі, толықтырушы бағыттар мен тұжырымдамалардың өрісін кеңейту, зерттеу әдістері мен әдістемесін жсап ұсыну.

"Полимерлі материалдар химиясының заманауи тенденциялары" модулі 

Білім алушы пәнді меңгеруі нәтижесінде келесі қабілеттіліктерді игеруі керек:

  1. полимерлі материалдар мен композициялардың химиясы мен технологиясы аясында әдістеме мен әдістерінің теориялық және эксперименттік   көріністерін суреттеу;
  2. өнеркәсіптік полимерлі материалдарды жасау облысында нақты аймаққа инновациялық жобаларды таңдау және бейімдеу;
  3. қолданысы кең, практикалық пайдалы қасиеттері бар жаңа полимерлі материалдар мен композицияларды жасауда жаңа ойлар мен үрдісті түсіндіре алу;
  4. органикалық заттар мен полимерлердің химиясы мен технологиясы аясында алған білімдерін өзімен тең ғылыми қоғамда қолдана білу;
  5. әлемдік стандарттар деңгейінде полимерлер химиясының технологиялық дамуына академиялық және кәсіби құзыреті шегінде салыстыру;
  6. қолдану аясына қарай полимерлі материалдарды жасау технологиясының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау;
  7. бар бағыттар мен құзереттер аясын кеңейтетін инновациялық полимерлі түрлерді құрудағы бірқилы әдістемелер және зерттеу әдістерін жасау арқылы үлесін қосу;.
  8. арнайы қасиеттерге ие полмерлі заттарды алу технологиясына тиімді әдісті талқылау және таңдай білу.

"Органикалық заттардың химиясы мен биологиялық функцииясы» модулі

Білім алушы пәнді меңгеруі нәтижесінде келесі қабілеттіліктерді игеруі керек:

  1. биологиялық нысандарда әртүрлі модификациядағы органикалық заттардың қызметтері зерттеулерінің заманауи тенденцияларын меңгерудің теориялық және тәжірибелік аспектілерін жүйелі түсіну;
  2. биорецепторларға мақсатты әсерін тигізуге икемді органикалық материалды құру саласында арнайы облысқа инновациялық жобаларды жасау, дамыту және бейімдеу;
  3. биологиялық нысандарға мақсатты бағытталған және сәтті әсерін тигізу үшін жаңа биологиялық белсенді заттар мен композияларды жасаудағы синтонды тәсілдемені сыни талдау, бағалау және синтездеу;
  4. физиологиялық белсенді қасиеттерін едәуір арттыратын биологиялық белсенді заттарды құру саласында арнайы облысқа инновациялық жобаларды жасау, дамыту және бейімдеу;
  5.  әлемдік стандартқа сай пайдалы органикалық заттар мен материалдар жасауда өз үлесін қосу және ғылыми қоғамда тең құқылы әріптестермен нәтижелерді талқылау;
  6.  органикалық заттар құрылымына сай биомассаны таңдай алу және мақсатты биологиялық белсенді затты синтездеуге технологиялық сызба-нұсқа дамыту;
  7.  органикалық материалдардың инновациялық түрін жасауға таңдалған әдістеме мен әдістерді және биоактивті органикалық заттар мен материалдардың химиялық технологиясын дамытуға алған бағыт пен тұжырымдаманы дәлелдеу алу;.
  8. биологиялық белсенді қосылысты алудың оңтайлы технологиясын қолдануын негіздеу және өзінің таңдауының дұрыстығын ұжымда талқылау.

"Органикалық заттарды талдаудың инновациялық әдістері" модулі 

Білім алушы пәнді меңгеруі нәтижесінде келесі қабілеттіліктерді игеруі керек:

  1. органикалық заттар мен материалдарды талдаудың заманауи әдістерін меңгерудің теориялық және тәжірибелік аспектілерін жүйелі түсіну;
  2. практикалық тиімді органикалық қосылыстарды талдаудың әдістемесі мен әдісінің таңдауын дәлелдеу;
  3. зерттелініп отырған органикалық затты толық сипаттай алатын талдаудың оңтайлы әдісін қолдана білу;
  4. талдау қорытындысын түсіндіре алу және ғылыми қоғамдастықта өзімен тең құқылы ортада талқылай алу;
  5. жаңа әдіспен органикалық заттарды синтездеуде жаңа ойлар мен тұжырымдамаларды бағалай білу;
  6. органикалық заттар мен материалдар өндірісінің технологиялық сызба-нұсқасында бақылау әдістерін бағалау;
  7. өнімнің сапасын бақылау әдісін дамытуда академиялық және кәсіби қүзыреттілікке өз үлесін қосу;
  8. практикалық тиімді органикалық заттар мен материалдарды талдау аясында кең ауқымды дағдылар қолдану және жаңа тәсілдері түрлендіру.

"Биологиялық белсенді органикалық қосылыстардың құрылымды-бағытталған дизайны" модулі 

Білім алушы пәнді меңгеруі нәтижесінде келесі қабілеттіліктерді игеруі керек:

  1. стандарттау, сертификаттау және валидация заманауи әдістерінің талаптарына сәйкес биологиялық белсенді органикалық қосылыстар құру мен сапасын бақылаудың қазіргі заманғы әдістерін зерттеудің теориялық және тәжірибелік аспектілерін жүйелі түсіну;
  2. биологиялық белсенділік көрсететін құрылымдарды синтездеудің таңдалған әдісін дәлелдеу;
  3. халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін биологиялық белсенді заттар мен материалдарды жасау саласындағы инновациялық әзірлемелерді нақты қызмет аясына жасау, дамыту және бейімдеу;
  4. биологиялық белсенді органикалық субстанциялар және композициялар молекулалық дизайнының жаңа әдістерін құрудағы жаңа идеялар мен тенденцияларды сыни талдау, бағалау және синтездеу;
  5. мақсатты қасиетке ие органикалық нысандарды құрастыруда жаңа әдістердің жаңа ойлары мен тұжырымдарын бағалау;
  6. ғылыми қоғамдастықтың тең құқылы мәртебесі бар синтетикалық дәрілік заттар мен пестицидтер құру және олардың өндірісі саласында бірдей диалог жүргізу;
  7. практикалық пайдалы органикалық қосылыстың дизайні туралы өзінің көзқарасын тең құқылы ғылыми қоғамда талқылау және дәлелдеу;
  8. «құрылыс – биологиялық белсенділік» заңдылығы зерттеулерінің соңғы жетістіктерін талдау негізінде жаңа биологиялық белсенді органикалық заттар мен материалдар дизайны саласында кең ауқымды дағдыларын қолдану.

«Кәсіби тәжірибе» модулі 

Білім алушы пәнді меңгеруі нәтижесінде келесі қабілеттіліктерді игеруі керек:

  1. практика барысында алынған материалды жүйелеу және талдау;
  2. педагогикалық қоғамда эксперимент жүргізу және нәтижелерін талқылау;
  3. химиялық зерттеулер мен химиялық технологияда жаңа жетістіктерді бағалау; 
  4. экспериментті, сараптаманы және олардың қорытындыларын рәсімдеуде өзбетінше атқару мен жоспарлауда теориялық білімдері мен эксперименттік дағдыларын қолдану; 
  5. білім берудің интерактивті түрін қолдану;
  6. диссертация тақырыбы бойынша күнделікті жоспарды құру және сәйкестендіру;
  7. эксперименттік және инструментті дағдыларды қалыптастыру және жүзеге асыру;
  8. эксперимент нәтижелерін талдай алу, зерттеу жұмысының қорытындысын есеп түрінде ұсыну, зерттеу жұмысының қорытындыларын ғылыми қоғамда қорғау.

 

2.3 Білім беру бағдарламасының модульдері бойынша құзыреттерді қалыптастыру матрицасы

Модуль атаулары

Бағдарлама бойынша оқыту нәтижелері 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Көмірсутекті шикізатты кешенді өңдеу  

 

А1

 

А2

 

А3

 

 

В2

 

В3

 

 

 

С1

 

С2

 

С3

 

D

Полимерлі материалдар химиясындағы заманауи тұжырымдамалар

 

А1

 

 

А3

 

 

В2

 

В3

 

 

 

С1

 

С2

 

С3

 

D

Органикалық заттардың химиясы мен биологиялық функциялары  

 

А1

 

 

А3

 

 

 

 

 

 

С1

 

С2

 

С3

 

D

Органикалық заттарды талдаудың инновациялық әдістері

 

А1

 

 

А3

 

 

 

 

B4

 

B5

 

С1

 

С2

 

С3

 

D

Биологиялық белсенді органикалық қосылыстардың құрылымды-бағытты дизайні

 

А1

 

 

А3

 

В1 

 

В2

 

 

 

 

С1

 

С2

 

С3

 

D

Кәсіби практиканың модулі

 

 

А2

 

А3

 

В1

 

В3

 

В3

 

 

B5

 

С1

 

С2

 

С3

 

D

Докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы

 

 

А2

 

А3

 

 

В3

 

В3

 

 

 

С1

 

С2

 

С3

 

D

 


3. Берілген ББ түлектері еңбек нарығының қажеттіліктері және талдауы

 

«6D072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бағдарлама түлектерін еңбекпен қамтудың көзделген орындары: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (Алматы қ.); С.Аманжолова атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті (Өскемен қ.); АҚ «А.Б.Бектуров атындағы химия Ғылымдары институты ( Алматы қ.), АҚ «Д.В.Сокольский атындағы органикалық катализ бен электрохимия институты (Алматы қ.), Өсімдіктер биологиясы мен биотехнология институты (Алматы қ.); Ботаника және фитоинтродукция институты (Алматы қ.); Қазақстан Республикасының денсаулық министрлігінің дәрілік заттардың экспертизалары мен медициналық техника Ұлттық орталығы (Алматы қ.), ЖШС «Рауаналко» (Атырау қ.), ЖШС «Зерде-ФИТО» (ОҚО, Шымкент қ.), ЖШС «Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В.» (ШҚО, Аксай қ.), ),ЖШС Өндірістік компаниясы «Дорпластинвест» (Заречное ауылы, Алматы облысы), АҚ“Холдинг Фитохимия” (Қарағанды қ.).

Білім беру бағдарламасы бәсекелестік ортады өзекті******

1.Химиялық өнеркәсіп

2. Фармацевтикалық өнеркәсіп

3. Жоғарғы оқу орны

4. Ғылыми-зерттеу институты және салаары.

4. ББ түлегінің кәсіби қызметтер салалары 

4.1. Түлектің кәсіби қызметтері жоспарланған салалары 

 

«6D072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша төмендегідей кәсіби қызметтік бағыттарын дайындайды:

білім беру;

ғылыми;

денсаулық қорғау 

мемлекеттік басқарма органдары;

өнеркәсіптік;

құрылыс;

ауылшаруашылық.

4.2 ББ түлегінің айрықша дайындалатын кәсіби қызмет түрлері  

 

«6D072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы төмендегідей қызметкерлер дайындайды:

Оқытушы;

Ғылыми қызметкер;

Аға ғылыми қызметкер;

Технолог;

Химия және химия-технологиялық саласындағы органикалық заттар мен материалдардың физика-химиялық бақылау аясында басшы немесе маман;

Ғылыми-зерттеу орталықтарында, ғылыми-зерттеу институтында, кәсіби және мемлекеттік емес секторларында басшылық жетекшісі.

Сала бойынша Департамент құрылымдарында сала басшысы: химиялық, мұнайхимиялық, мұнайды қайта өңдеу, мұнай өдіру, фармацевтикалық, тамақ өнеркәсібі, органдар, органикалық заттар мен материалдар сапасын бақылауды жүзеге асыру.

«6D072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша араласқан кәсіби қызметкерлер:Медик-биологиялық іс; Өсімдіктердің химиялық қорғанысы; Тамақ өнеркәсібі.

5. Білім беру қызметтері нарығында жайғастыру тұрғысынан ББ артықшылықтары мен ерекшеліктерінің сипаттамасы

 

«6D072100 – Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы ASSIN халықаралық аккредитация агенттігінен өтті.

НААР білім беру бағдарламасы рейтинг қорытындысы бойынша 1 орынды иеленді.

Факультетте білім беру бағдарламасын жүзеге асыру үшін лабораториялар ашылды: ҚР ҰҒА х.ғ.д., профессор, академик К.Х. Токмурзин атындағы органиклық синтез лабораториясы, х.ғ.д., профессор Т.М.Төреханов атындағы органикалық синтез лабораториясы, х.ғ.д., профессор, академик Г.А.Толстиков атындағы табиғи қосылыстар химиясы лабораториясы және органикалық синтез бен дәрілік заттар химиясының аккредиттелген лабораториясы. Ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған лабораториялар органикалық заттарды физика-химиялық зерттеу үшін қазіргі заманауи құрылғыларымен жабдықталған. Қондырылған қондырғыларды қолдану арқылы докторанттар органикалық заттар мен материалдардың, көмірсутекті шикізаттар мен полимерлі материалдарды өңдеу   технологиялық процестерінде сынама дайындау мен талдау практикалық дағдыларын қалыптастырады.

 

Практика базасы: бұлармен қатар университет органикалық заттар аясында тағы екі ғылыми-зерттеу орталықтарымен жабдықталған (Зерттеудің физика-химиялық әдістері мен талдауы Орталығы, Жаңа химиялық технология мен материалдардың ғылыми-зерттеу институты).Осы орталықтар негізінде докторанттар зерттеу жұмыстарын жүргізеді, талдау мен өндірістің заманауи технолгиясын меңгереді.

 

Кадрлық потенциалдар: 5 химия ғылымының докторлары, профессорлар; 2 химия ғылымының докторы, доценттер; 2 философия докторы PhD.

 

Академиялық мобильділік: Росток университеті, Германия; ShanghaiInstituteofMateriaMedica, hinseseAcademyofScience (CAS); China, Shanghai, Xinjiang technical institute of physic sand chemistry, CAS, China, Urumqi; Миссиссипский университет, CША; Университет Постдама, Германия; Карачи Университеті, Пәкістан; Пурду Университеті, АҚШ; Рединг Университеті, Ұлыбритания; Университет Ходжатеппе, Түркия Университет Малайзия, Малайзия.

 

Кафедраның ғылыми мектебі немесе ғылыми бағыттары (ғылыми жобалар): 6D072101 – Синтетикалық органикалық заттардың химиялық технологиясы; 6D072101 Табиғи қосылыстардың химиялық технологиясы; 6D072101 Полимерлі материалдардың химиялық технологиясы. Кафедрада 2 Халықаралық деңгейдегі жобалар орындалуда: «Қазақстанның дәрілік өсімдіктерінің биологиялық белсенді компоненттерін зерттеу» (Қытай Ғылыми Академиясы; «Develop in gradiation technology for manufacturing hydrogelwound dressings with antimicrobial activity» (Royal Academy of Engeneering (RAEng), University of Reading) және ҚР БҒМ қаржыландырған 7 гранттық жобасы: «Көмірсутекті шикізатты терең өңдеу негізінде гетероатомды циклді құрылымдағы биологиялық және беттік-белсенді заттарды синтездеудің жаңа бағыттары», «Жаңа экологияға қауіпсіз сольвентсіз акрилді бояғыштар өндірісінің тәжірибелік-өнеркәсіптік практикасын жүзеге асыру және жасау», «Гидрофилді полимер мен қоспасының негізінде жаңа адгезионды дәрілік форманы алудың технологиясын жасау», «Қазақстан өсімдіктерінен өнеркәсіптік маңызы бар биологиялық белсенді заттарды селективті әдіспен бөлудің универсалды, экономикалық тиімді әдістерін жасау», «Табиғи оксиантрахинон негізінде жаңа азотты-, фосфорлы биологиялық белсенді заттарды бағытталған синтезінің технолгиясын жасау», «Қорғау-ынталандыру құрамды ашыту үшін полимерлі гидрогельдерді алудың радиационды-химиялық технологиясын жасау», «Тұрақты органикалық және бейорганикалық ластағыштар мен радионуклидтерден топырақты тазалаудың фиторемедиационды технологиясының интенсификаторын алудың технологиясы».

 

Шетелдік жоғарғы оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларымен салыстыру: «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша білім беру 3 елде жүзеге асады: Қазақстанда (23 жоғарғы оқу орны), Ресей Федерациясында (28 жоғарғы оқу орны) және Беларусь Республикасында (2 ЖОО – мамандығы – «Органикалық заттар, материалдар мен бұйымдардың химиялық технологиясы»). 6D072100 мамандығына ұқса, бірақ дайындау пәндері бойынша ерекшеленетін «ChemicalEngineering» мамандығы 124 ЖОО рейтингісі QS. Бұл аталған мамандық бойынша шетелде инженер-техникалық маман даярлайды, олар өз кезегінде химиялық зауыттардың өнеркәсіптік қондырғыларын математикалық бағдарлау үшін, ал мамандықтың өзі физика-техникалық мамандыққа жатады. Қазақстандық, ресейлік және белорустық ЖОО «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығын жүзеге асыратын ЖОО рейтингісі QS, 7 университет қамтылған: әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Томск политехникалық университет, Санкт-Петербург мемелекеттік технологиялық университет, Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университет, Ресейдің тұңғыш Президенті Б.Н. Ельцин атындағы Орал федерал университет, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті және Қазақ-Британ техникалық университеті. QS рейтингісіне сәйкес, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті сапалы мамандар дайындайды, рейтинг бойынша одан кейінгі - Томск политехникалық университет, 150 орынға арналған.

6. Талапкерлерге қойылатын талаптар

 

Қабылдау ережесі бойынша

1. докторантураға қабылданады:

- «магистр» академиялық дәрежесі бар адамдар;

- еңбек өтілі 3 жылдан жоғары адамдар.

2. Докторантураға түсу үшін талапкерлер ағылшын тілін еркін меңгерген болуы тиіс. Шетел тілі меңгеруінің деңгейі отандық немесе халықаралық білім беру ұйымдары берген сертификат немесе өзге де құжатпен расталуы мүмкін.

3. Шетел тілі (ағылшын тілі) бойынша түсу емтихандары стандартталған тестілеу технологиясына сәйкес тапсырылады.

4. Магистрлік түлектері үшін орнатылған қолданыстағы бағдарламалары көлеміндегі арнайы пән бойынша емтиханы пәндік комиссиямен жүргізіледі, оның құрамы университет ректорымен бекітіледі.

Докторантураға түсу үшін жақын мамандықтар: Химия, Биология, Тамақ өнімдерінің технологиясы.