Демалу – бұл керемет

Демалу – бұл керемет. Ал бірге демалу одан да жақсы. 2009 жылы 4-қыркүйекте корейтану каафедрасында әр студентке аса маңызды оқиға – бірінші курстарды студенттер қатарына қабылдау. Бұл шара жақсы дәстүрге айналды. Студенттер қатарына қабылдаудың негізгі ерекшелігі еркін жағдай: студенттер ойнап-күліп, бір-бірімен әзілдеседі...

Бірақ ресми бөлімін ешкім өзгертпегендіктен, ұйымдастырушалыр «Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ ең жақсы факультеті» атты байқауда Шығыстану факультеті үшінші орын алғанын жариялап, жылы құттықтаулардан бастауды шешті. Корейтану кафедрасы да елеулі үлесін қосты. Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Жұмағұлов Б.Т. біздің факультет «ең жас әрі амбициалы» деп атап көрсетті.

Бұл қуанышты шараның басында кафедра меңгерушісі Ем.Н.Б корейтанушы болу қалай екенін айтты. Содан соң жоғарғы курс студенттері бірінші курс студенттерімен танысты. Осынаң бәрі бояулы презентациялар, өлең-шумақтар, кәріс ұлттық өлеңдер мен билермен ұсынылды. Бірінші курс студенттері де өздерін байсалды, батыл жағынан көрсетті. Соңында олар жоғарғы балдармен дәлелдеп, жақсы нәтиже көрсетуіне ант берді.