«Қазақстанның бүгінгі экономикасының дамуы жағдайындағы дизайн нысандарын жобалау ерекшеліктері»

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті үшін 2020 жыл жақсы жаңалықпен басталды. Журналистика факультеті Баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының профессоры, Қазақстанның мәдениет қайраткері, ҚР ЖАК өнерлері профессоры, РФ педагогикалық ғылымдар докторы, Ресей ұлттық дизайн академиясының академигі Асылханов Ермек Сабырұлының тікелей атсалысуымен 15 қаңтарда Ұлттық мұражайда «Қазақстанның бүгінгі экономикасының дамуы жағдайындағы дизайн нысандарын жобалау ерекшеліктері» атты Еуразия дизайнерлер одағы мүшелерінің кезекті отырысы өтті. Аталмыш шара Қазақстандағы сан салалы этномәдениет негізінде өңірлік дизайнды дамытуға, сондай-ақ, отандық өнімді евразия кеңістігіне жеткізу мақсатында оңтайлы мүмкіндіктерді қарастыруға бағытталған. Ашық отырыс аясында 16 қаңтарда Жастар көрмесі ұйымдастырылды. Жоғары деңгейде өткен шараға мұрындық болған белгілі академик Асылханов Ермек Сабырұлының бұл еңбегі күллі қазақ дизайнерлері үшін өз өнерін ортаға салуда таптырмас мүмкіндік болды.

 

Рамазан Айгүл

Баспагерлік-редакторлық және

дизайнерлік өнер кафедрасының меңгерушісі