«Ника» студентік ғылыми клубының кезекті мәжілісі

Мәжіліс, клуб жоспарына сәйкес  «Орта ғасырлардағы Оңтүстік Азия» атты мәселені талдауға арналды. Клуб мүшелері – Асқарова Ботагөз бен Толымбек Қазез аталмыш тақырыпта ғылыми баяндамалар жасады. Басқа студенттер баяндаманы қызу талқыға салып, сын-пікірлерін айтты. Мәжілістің соңында клуб жетекшісі т.ғ.к., доцент Қартабаева Е.Т. мәселеге байланысты қорытынды жасап, студенттердің ғылыми баяндамасының озық тұстары мен кемшіліктерін көрсетті. Сонымен бірге аталмыш тақырыпта презентация жасауға байланысты студенттерге кеңес берілді.