Шығыстану факультетінде халықаралық ҚАЗАҚСТАН-КОРЕЯ форумы

2009 жылдың 8 желтоқсан күні Шығыстану факультетінде халықаралық «Қазақстан республикасы мен Корей республикасы: дипломатиялық қарым-қатынастан стратегиялық әріптестікке жету» атты ғылыми қазақстан-корейлік конференция өтті.

Ұйымдастырушылар әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті мен Орта-азиялық Хангуг шеттілдер зерттеу институты (Сеул) болып табылады.

Алғы сөзбен Корей республикасы елшілігінің бас консулы Ли Янг Гу мырза және Қазақстан корейлерінің Ассоциациясының вице-президенті профессор Кан Г.В. сөз сөйледі.

Конференцияға Оңтүстік Кореяның профессорлары қатысты, сондай- ақ қазақстандық Алматы мен Астана зерттеу инситуттарының ғалымдары мен Қазақстан және Өзбекстан жоғары оқу орындарының ұстаздары қатысты.

Мәжілісте үш баяндама оқылды. Біздің университетте бірнеше жылдар бойы жұмыс істеген профессор Сон Ен Хун, қазіргі таңда Орта-азиялық Хангуг шет тілдер университетінің кафедра меңгерушісі болып келеді. Сондықтан оның «Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени өзара түсінушілік пен өзара алмасуға жағдау жасау» баяндамасы қазақ тілінде баяндалды. Әлеуметтік ғылымдар кандидаты Ракишева Ботагөз ( әлеуметтік- саяси зерттеу программалары институтының директоры) және Тукаева Дариғаның (халықаралық бөлімінің басқарушысы (ИСПИ –Қазақстан, Астана) «Қазіргі таңдағы Кореяның бейнесі мен оның жолдарын арттыру» атты баяндамасы тыңдаушылардың аса қызығушылығын тудырды. «Қазақстан және Оңтүстік Кореяның стратегиялық әріптестігінде корей диаспорасы» тақырыбында профессор Ким Г.Н. сөз сөйледі.

Конференцияда үш бөлім алға тартылды:

1.Саяси- экономикалық қарым-қатынас.

2.Мәдениет, білім, ғылым саласындағы серіктестік.

3.Қазақстан және Корея арасындағы корей диаспорасының қарым-қатынасына байланысты 14 баяндама тыңдалды.

Қорытынды мәжілісте конференцияның басты тақырыптарына байланысты талқылау өткізіліп, корейтану кафедрасының студенттері қазақстандық және корейлік ғалымдарға сауалдарын қойды.

Конференцияға қатысушылар өткен форумның өзектілігі мен нәтижелігін және ғылыми тәжірибелік маңыздылығын бірауыздан мақұлдады. Бағдарламалар мен баяндамалар конференцияның материалдар жинағында жарияланған, сондықтан олармен қызығушылық танытқандар таныса алады.