Профессор, доктор Габор Шрамко, Дебрецен университетінің ботаника кафедрасының өсімдіктер филогенезін зерттеуші жас ғалымдар тобының жетекшісі (Дебрецен, Венгрия) болып табылады.

18.03.2021

Көрулер: 2322

Профессор, доктор Габор Шрамко, Дебрецен университетінің ботаника кафедрасының өсімдіктер филогенезін зерттеуші жас ғалымдар тобының жетекшісі (Дебрецен, Венгрия) болып табылады. Ол негізінен Еуропа мен Азияның әр түрлі елдеріндегі өсімдіктердің, әсіресе сирек кездесетін және эндемдік өсімдіктердің филогенезін зерттеумен айналысады. Сонғы жылдары Мажарстандағы өз университетінде Мажарстанның Ғылым академиясының қаржылық қолдауымен Қазақстандағы биологиялық алуантүрліктің (әсіресе таулы өсімдіктердің) молекулалық-генетикалық ғылыми-зерттеу бойынша жұмыстарын жүргізетін жас ғалымдар тобын басқарады. Доктор Габор Шрамко Оңтүстік және Шығыс Қазақстанның алуантүрлі эндемдік және сирек кездесетін түрлерін зерттеуге үлес қосты. Халықаралық журналдарда 30-дан астам ғылыми мақалаларын жариялады, мысалы Acta Biologica Hungarica, Botanical Journal of Linnean Society, Фитотакса, Генетика және т.б.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz