Борос Эмиль PhD, Дунай зерттеу институтының Жануарлар экологиясы бөлімінің меңгерушісі, сонымен қатар осы институтта аға ғылыми қызметкер

18.03.2021

Көрулер: 2046

Борос Эмиль PhD, Дунай зерттеу институтының Жануарлар экологиясы бөлімінің меңгерушісі, сонымен қатар осы институтта аға ғылыми қызметкер болып жұмыс жасайды. Оның зерттеу саласы: климаттың өзгеру, жерді пайдалану, суды пайдалану, өзендерді басқару, ауыл шаруашылығы және басқа да адам қызметінің салдарын ерекше ескере отырып, су, сулы-батпақты және шалғынды экожүйелердің және олардың қауымдастықтарының (негізінен суда жүзетін құстардың) құрылымын, биологиялық функцияларын және ұзақ мерзімді өзгерістерін зерттеу. Борос Эмильдің негізгі міндеті-абиотикалық сипатын, қоректік заттар айналымы мен трофикалық байланыстарды, сондай-ақ жануарлар қауымдастығының (әсіресе суда жүзетін құстардың) экологиялық рөлін ерекше ескере отырып, сода-тұзды сулар мен таяз көлдерге ұлттық және халықаралық лимнологиялық зерттеулер жүргізу және ұйымдастыру. Көптеген ғылыми мақалалардың, тезистердің авторы. Скопус бойынша Хирш индексі – 12.

Қазіргі уақытта Борос Эмиль іске асыру мерзімі 27 ай 2020-2022 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландырудағы жобаның АР08856160 «Қазақстанның ерекше содалы және тұзды экосистемаларының экологиялық жағдайын бағалау» коллабораторы және зерттеу тобының мүшесі болып табылады. Жобаның ғылыми жетекшісі-биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының қауымдастырылған профессоры Инелова З. А.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz