Құттықтаймыз

22.01.2021

Көрулер: 1894

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының «6М061300-Геоботаника» мамандығының 2 курс магистранты Саптайханова Ғайни Қадырқызы Абай-Верн бағдарламасы бойынша грантты жеңіп алып, 2019-2020 оқу жылында Лотарингия университетінде (Франция, Нанси қаласы) білім алды. 2020 жылы 29 желтоқсанда «Branches as a potential source of forest extractives» тақырыбында ағылшын тілінде магистрлік диссертациясын сәтті қорғады. Магистрлік жұмыс LERMAB зертханасында (Laboratoire d’études et de recherche sur le matériau bois) және INRAE ғылыми институтында (Institut National de Recherche en Agriculture, Alimentation et Environnement) « ExtraFor_Est » жобасының аясында орындалды. Ғылыми жетекшісі: б.ғ.д., профессор м.а., биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі Курманбаева Меруерт Сакеновна. Сіздерге зор денсаулық, жұмыстарыңызға табыс тілейміз. Барлық істер сәтті өтіп, жаңа жетістіктер үшін күш пен қуаттарыңыз жеткілікті болсын!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz