«Көмек» қоғамдық қорының студенттері

25.09.2020

Көрулер: 2235

ҚазҰУ-нің биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының  «Көмек» қоғамдық қорының белсенді студенттері  «Салиқалы ұрпақ» пансионатында ерікті түрде қайырымдылық шарасын өткізді. Ата-ананың мейіріміне зәру бүлдіршіндерге көңіл бөліп, кішкене болса да көңілдерін аулап мейірім шапағатын сыйлады. Ұйымдастырушылар осындай шараны тұрақты түрде ұйымдастырып тұруды әдетке айналдырған.