Студенттік өмірі

Құттықтаймыз

26.05.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының б.ғ.к., доцент* Омарова Жанар Сағатовнаның Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау мамандығының 4-курс студенті Адал Лашын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай студенттер мен жас ғалымдардың “Фараби әлемі” атты халықаралық ғылыми конференциясында “Зайсан көлінің кейбір балықтарының паразитологиялық зерттеулері” атты тақырып қорғап жүлделі 2- орын иегері атанғанымен құттықтаймыз. Ұжым атынан құттықтай отырып үлкен жетістіктер мен өркендеу тілейміз!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

26.05.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының б.ғ.к., доцент* Шалғимбаева Сәуле Мухаметкалиевнаның Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау мамандығының 4-курс студенті Жанысбай Гулмарал Төлегенқызы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай студенттер мен жас ғалымдардың “Фараби әлемі” атты халықаралық ғылыми конференциясында “Шарын Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі су қоймасындағы қабыршықшыз көкбас балықтарының кейбір мүшелеріне ихтиопатологиялық анализ жасау” атты тақырып қорғап жүлделі 2- орын иегері атанғанымен құттықтаймыз. Ұжым атынан құттықтай отырып сізге шығармашылық идеялар, шабыт және сарқылмас оптимизм тілейміз!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

18.05.2021

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының оқытушысы және 2 курс докторанты Бижанова Назерке Әлімқызы ТМД жастары арасындағы ең үздік жас ғалымдардың бірі атанды! Ғылымның дамуына қосқан үлесі үшін төсбелгімен марапатталды. «Үздік жас ғалым» жобасын Genius халықаралық спорт, білім және ғылым орталығы ұйымдастырды. Кафедра ұжымы Назерке Бижанованы жетістіктерімен құттықтайды және одан әрі дамуы мен табыстар тілейді!

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

16.05.2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, биология және биотехнология факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының 1-курс докторанты Құсманғазинов Әділ Болатұлы ТМД елдері арасындағы ең үздік жас ғалымдардың бірі болдыХалықаралық «Genius» спорт, білім және ғылым орталығы ұйымдастырған «ХХІ ғасырдағы білім және ғылым» халықаралық онлайн конференция кезінде медальмен және алғыс хатпен марапатталды. Кафедраның атынан докторант ғалымды құттықтай отырып, тың шығармашылық ойлар мен биік кәсіби жетістіктер тілейміз!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

 

 

Ары қарай оқу >>

Франция кинематографистерімен бірге Солтүстік Тянь-Шаньда өткізілген экспедициялар

16.05.2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Зоология институты (ЗИ) және Алматы қорығы (АҚ) зерттеушілері қысқы мерзімде Іле және Күнгей Алатауында (Солтүстік Тянь-Шань) сирек кездесетін жыртқыш сүтқоректілерді зерттеу мақсатында далалық экскурсиялар өткізді. Оған қатысқан зерттеушілер: Назерке Бижанова, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының оқытушысы және докторанты, әрі Зоология институтының кіші ғылыми қызметкері; Алексей Грачев, Зоология институты Териология зертханасының меңгерушісі; Салторе Сапарбаев, Зоология институты және Алматы қорығының зерттеушісі, Сергей Беспалов және Максим Беспалов, Зоология институтының аға лаборанттары.

Олармен бірге экспедицияда кинорежиссер Артур Гал мен Стив Воушия қатысты, Қазақстанның жабайы табиғаты тақырыбы бойынша деректі фильмге зерттеушілерімізді және жабайы жануарларды түсірді. Зерттеушілеріміз фильмге берген сұхбаттарында Солтүстік Тянь-Шань тауларын мекендейтін сирек кездесетін жыртқыштар – қар барысы мен Түркістан сілеусіні туралы, сондай-ақ дәстүрлі далалық әдіс-тәсілдер мен фотоқақпандарды қолдану арқылы зерттеу тәсілдері туралы талқылады.

 Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

 

www.kaznu.kz 

Ары қарай оқу >>

АШЫҚ ТӘРБИЕ ОНЛАЙН-САБАҒЫ: «Ғаламтордың пайдасы мен зияны»

28.01.2021

2020 жылдың 3 желтоқсан күні «Биоалуантүрлілік және Биоресурстар» кафедрасында, куратор-эдвайзер Зорбекова А.Н. және « 6В05102-Биология »1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Ғаламтордың пайдасы мен зияны» атты тақырыбына ашық ОНЛАЙН тәрбие сағаты өткізілді.Сабақ барысында Ғаламтордың адам денсаулығына, әсіресе баланың денсаулығына әсері туралы маңызды тақырыптарды көтерді.Студенттер екі топқа бөлініп, 1-топ интернет пен компьютерлік технологияның пайдалы екенін дәлелдеcе, ал 2-топ интернет пен ақпараттық технологиялардың пайдалы ғана емес, зиянды екенін дәлелдеді.Студенттер «желіде қандай қарым-қатынас орнату керегін, компьютерлердің көмегімен қандай операциялар жасай алатынымызды» және т.б. студенттер желілік этикет мәселесі бойынша өз пікірлерін білдірді, атап айтып өтсек ғаламтор әлеміндегі балағат сөздер,ұлттық арақатынасқа киындық түсіретін ауыр сөздер жазуға болмайтынын және адамдарды балағаттауға,жамандауға,адамдардың құқығын қорлауға болмайтыны туралы сөз қозғады.Сабақтың соңында студенттер интернетті қалай пайдалану керектігі және қандай жағдайларда қолдану қажет екендігі туралы қорытынды жасады, сонымен бірге желілік этикет туралы ұмытпау керегін айтты.

Қатысқандар: «Биоалуантүрлілік және биоресурстар» кафедрасының меңгерушісі, б.ғ.д., профессор Курманбаева М.С., куратор-эдвайзер: Зорбекова А.Н және кафедра оқытушылары: Манкибаева С.А, Елтай Г.Е, Корбозова Н.К, Тілешова М.Т және "6В05102 Биология"мамандығының 1 және 2 курс студенттері.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

Құттықтаймыз

22.01.2021

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының «6М061300-Геоботаника» мамандығының 2 курс магистранты Саптайханова Ғайни Қадырқызы Абай-Верн бағдарламасы бойынша грантты жеңіп алып, 2019-2020 оқу жылында Лотарингия университетінде (Франция, Нанси қаласы) білім алды. 2020 жылы 29 желтоқсанда «Branches as a potential source of forest extractives» тақырыбында ағылшын тілінде магистрлік диссертациясын сәтті қорғады. Магистрлік жұмыс LERMAB зертханасында (Laboratoire d’études et de recherche sur le matériau bois) және INRAE ғылыми институтында (Institut National de Recherche en Agriculture, Alimentation et Environnement) « ExtraFor_Est » жобасының аясында орындалды. Ғылыми жетекшісі: б.ғ.д., профессор м.а., биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі Курманбаева Меруерт Сакеновна. Сіздерге зор денсаулық, жұмыстарыңызға табыс тілейміз. Барлық істер сәтті өтіп, жаңа жетістіктер үшін күш пен қуаттарыңыз жеткілікті болсын!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

“ҮЗДІК ЖАС МАМАН - 2020”

22.01.2021

«Бөбек» Жалпы ұлттық қозғалысы заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі ұйымдастырған Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы елдерінің II ші Халықаралық кітап басылымында Биоалуантүрлілік және Биоресурстар кафедрасының 2 курс магистранты Туралиева Гулбакыттың “АТЫРАУ ОБЛЫСЫ АУМАҒЫНДА ӨСЕТІН RHEUM TATARICUM L ӨСІМДІГІНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ АНАТОМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ”  тақырыбында жұмысы жарияланып, “Үздік жас маман - 2020” атанды! Ғылыми жетекшісі Биоалуантүрлілік және Биоресурстар кафедрасының доценті, аға оқытушысы Ахтаева Нурсулу Зияхановна алғыс хатпен марапатталды!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы 

www.kaznu.kz

 

Ары қарай оқу >>

Университеттік сенбілік өтті

19.10.2020

2019 жылғы 19 қазанда сағат 9.00-де кең ауқымды жалпы университеттік сенбілік өтті. Осыған байланысты биология және биотехнология факультетінің биоауантүрлілік және биоресурстар кафедрасының куратор-эдвайзерлерлері мен студенттері белсенді түрде қатысты.


Ары қарай оқу >>