"Менің өмірлік ұстанымым" атты халықаралық эссе байқауы өтті

19.02.2023

Көрулер: 715

17 ақпан күні шығыстану факультеті, қытайтану кафедрасы мен Н.П. Огорев атындағы ғылыми-зерттеу университетінің арасында "Менің өмірлік ұстанымым" атты халықаралық эссе байқауы өтті. Байқауға қытайтану кафедрасының студенттері мен Н.П. Огорев атындагы ғылыми-зерттеу университетінің студенттері қатысты. Студенттер қытай тілінде ойларын еркін жеткізіп, қытай тілін өте жақсы меңгергендіктерін көрсете білді. Әділ қазылар алқасы тарапынан қойылған әр түрлі сұрақтарға да студенттер еркін және сауатты жауап берді. Эссе байқауында екі тур болды. бірінші тур екі университеттің факультет ішінде өтті. Н.П. Огорев университетінің студенттеріне қытай тілі, қытай мәдениеті мен тарихынан шығыстану факультетінің ұстазы Н.Б.Сапарбаева сабақ бергендіктен шет тілдер факультетінің деканы Н.В. Буренина шығыстану факультетіне және ұстазға үлкен алғысын білдірді. Шығыстану факультеті мен шет тілдер  факультеттерінің декандары болашакта мұндай конкурстарды көбейту керектігін айтты. Екі университет арасында болып жаткан ғылыми, мәдени қарым-қатынастар екі университеттің дамуына үлкен үлесін қосып жатқанын көрсетеді.