Профессор Н.Ә. Алдабек Нұр-Сұлтан қаласында өткен семинарға қатысты

08.12.2021

Көрулер: 1396

2021 жылдың 8 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласында екі елдің сарапшыларының қатысуымен «Қазақ оқулықтарындағы Корея туралы материалдар» тақырыбында семинар өтті.

Шараны Қазақстандағы Корея Республикасының Елшілігі мен Республикалық ғылыми-тәжірибелік білім мазмұнын сараптау орталығы ұйымдастырды.

Семинардың мақсаты – қазақстандық оқулықтардағы корей тақырыбын талдау және талқылау.

Семинарда қытайтану кафедрасының профессоры Алдабек Нұржамал Әбдіразаққызы «Республикасының орта мектептеріндегі оқытылатын «Дүниежүзі тарихы» оқулықтарындағы Корея тарихы туралы» тақырыбында баяндама жасады.

Осындай отандық сарапшылардың шығыстану ғылымына қатысуы достық ынтымақтастықтың берік негізі бар екіжақты қарым-қатынастарды нығайту үшін екі ел арасындағы өзара түсіністікті тереңдетуге қосылған маңызды үлес болып табылады.