Профессор Н.Ә. Алдабек отандық шығыстануы туралы мақаласы

06.11.2021

Көрулер: 1391

2021 жылдың 6 қарашасында Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының профессоры, шығыстанушы Н.Ә. Алдабектің «Шығыстанушылар ұлттық дипломатияның құрылуына зор үлес қосты» атты мақаласы жарық көрді.

Мақалада қазақ даласының Абай, Шәкәрім, Шоқан және т.б. ғалымдарынан бастау алып, бүгінде заманауи ғалымдар, соның ішінде шығыстану факультетінің түлектері мен ғалымдары арқылы дамып келе жатқан Қазақстандағы шығыстану ғылымының тарихы баяндалады. 

Профессор А.Н. Алдабек атап өткендей, отыз жылдан астам тарихы бар шығыстану факультеті отандық шығыстану ғылымы мен Қазақстандық дипломатияны дамытуға, білікті ғалымдарды дайындауға үлес қосып келеді.