Профессор Н.Муқаметханұлы кітабінің тұсау кесері

10.12.2021

Көрулер: 1405

2021 жылдың маусым айында «Қазақ университеті» баспасынан қытайтану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы Нәбижан Мұқаметханұлының «Халықаралық феномен: қазақ халқының бөлінуі мен тұтастану үдерісі» атты монографиясы жарық көрді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына арналған, қазақ халқының бөлінуі мен тұтастану үдерісі әлем тарихының дамуы мен халықаралық қатынастардың өзгерістеріне байланыстыра отырып кешенді қарастырылған еңбек мемлекет қайраткерлерінің, ғалымдардың, жалпы оқырмандардың үлкен қызығушылығын туғызды.

Шығыстану факультеті мен «Қазақ университеті» баспасының бірлесіп ұйымдастыруымен желтоқсанның 10 күні сағат 11:00-де Әл-Фараби кітапханасының 409-аудиториясында профессор Нәбижан Мұқаметханұлының «Халықаралық феномен: қазақ халқының бөлінуі мен тұтастану үдерісі» атты монографиясының таныстырылымы өтті.