Қытайтану кафедрасының оқытушыларына сертификат табысталды
Көрулер: 1272
Қытайтану кафедрасының оқытушыларына сертификат табысталды
2021 жылдың 11 қараша күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан құрылған Конфуций институтында Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының оқытушыларына ҚХР Ланжоу университетінің қолдауымен ұйымдастырылған, 3 айлық біліктілікті арттыру курсының сертификатын табыстау шарасы өтті. Оқытушыларға арналған біліктілікті арттыру сертификатын Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Еркежан ханым табыстады.Салтанатты шараға факультет деканы Ы.М.Палтөре, Қытайтану кафедрасының меңгерушісі Е.Ә.Керімбаев, Конфуций институтының директоры Р.Ө.Асылбеков қатысып құттықтау сөздерін айтты. Факультет және кафедра басшылары Ланжоу университетімен болған әріптестік байланысты тиімді пайдаланып, оқытушыларға біліктілігін арттырып, білім беруде үлкен тәжірибе жинауға жақсы мүмкіндік жасап берді. Кафедраның 15 оқытушысы курс барысында тіл оқытудың, оның ішінде қытай тілінің ерекшелігін ескере отырып үйретудің әлемдегі соңғы әдістерімен таныстып, өзара тәжірибе алмасты. Қытайтану кафедрасы оқытушыларының осы курста үйренген жаңа әдістемелері мен жинаған тәжірибелері олардың білім беру жолындағы кәсіби біліктіліктерін арттырып, тың ғылыми ізденістерге жетелейді деген сенімдеміз.