2021 жылдың 5 қарашасында «Ғылыми жұмыс жазудың негізгі талаптары» тақырыбында ғылыми семинар өтті.

05.11.2021

Көрулер: 1177

Тарих ғылымдарының докторы, профессор, белгілі қытайтанушы Мұхаметханұлы Нәбижан ғылыми-зерттеу жұмысы барысында қолданылатын негізгі талаптар мен ұстанымдар жайлы сөз қозғады. Семинарға магистранттар, докторанттар, сонымен қатар кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Ғылыми-зерттеу жұмыстары жас ғалымдар үшін ең қызықты және маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Семинар барысында профессор Мұхаметханұлы ғылыми материалдар мен дереккөздерді жинақтау, оларды талдау және жүйелеу, сондай-ақ далалық зерттеу жұмыстары мен ғылыми мәтінді безендіру бойынша пайдалы кеңестер берді. Соңында Мұхаметханұлы Нәбижан барлық қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауап берді.