ҚР халықтарының тілдері күніне орай «Тіл-ұлтымыздың айнасы» тақырыбында дөңгелек үстел.

Қазақстан Республикасының халықтарының тілдері күні мерекесіне орай «Тіл – рухани қазына» тақырыбында кафедраның кітапхана ісі мамандығының студенттері арасында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шарада студенттер өз ойларын ашық білдіріп, дөңгелек үстелдегі өзекті мәселені,жан-жақты талқылап, тілге құрметтіліктерін көрсетіп, жыр-арнау айтылған болатын.

Мақсаты: Жастардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, туған тілді құрметтеуге, ластамауға, тіл тазалығын сақтауға, дәріптеуге, өзара сыйластыққа, тіл табыса білуге, өзін-өзі дұрыс ұстауға баулу болатын.