Жатақханада тіркеу

19.08.2021

Көрулер: 1437

                                                                                                    Құрметті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушылары!
Сіздерді 2021-2022 жаңа оқу жылында
университетімізде қарсы алуға қуаныштымыз!
 
Біз биылғы оқу жылын дәстүрлі форматта бастауға дайындық жұмыстарын жүргізудеміз.
Осы орайда Сіздерге ҚазҰУ қалашығындағы Студенттер үйлерінен орын беру тәртібі туралы хабарлаймыз.
Қоныстандыру тәртібі белгіленген Ережеге сәйкес, факультеттердегі комиссиялардың шешімдері негізінде жүзеге асырылады.
18 жастан асқан студенттер COVID-19-ға қарсы вакцина алуы керек (екпе компонентеріне қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда).
Студенттер үйлерінде тұру барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып қамтамасыз етілетін болады.
 
Жоғары курс студенттері, магистранттар мен докторанттар өтінімдерді онлайн режимде береді.
 
Бірінші курс студенттері қажетті құжаттардың көшірмелерін ұсына отырып, факультеттердің деканаттарына өтініш береді.
 
Студенттер үйіне орналастыру 27.08.2021 ж. бастап жүзеге асырылады.