Әлеуметтік-тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар
01.12.2020 жылӘль- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ "ЭКОНОМИКА және БИЗНЕС ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІНІҢ "БИЗНЕС және ТЕХНОЛОГИЯ" кафедрасының 3 курс Логистика к2 тобыменТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ШАРА ӨТТІ
Іс - шарада : Али Нурила ,Қайсар Аружан, Байдильдина Айгерим баяндама окыды .Баяндама такырыбы: «Елін сүйген Елбасы»
Бүгінде ел тарихына алтын әріптермен жазылатын 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мерекесі елдікті ту еткен халқымыздың асқақ арманы мен айбарлы рухының мерекесіне айналуда.
Баршаңызды осы мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыстарыңызға табыс тілейміз.
22.10.2019 жылы Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 16-Студенттер үйінде Логистика мамандығының 2-курс қазақ тобы ЛК1 және ЛК5 топтарының студенттері мен топ эдвайзері Баймуханбетова Э.Е. бастаған оқытушылар тобы: Асқаров Ғ.А., Маликова Р.М., Оразымбетова А.Ш. ұйымдастырған "ЖАСТАР ЖЫЛЫНА" арналған іс-шара өткізілді
Жарияланым авторы: доцент Едилбаев Б.0
19.10.2019 жылы У. Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында Қазақстанның халық жазушысы, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 95 жылдығына арналған «Әдебиет әлемі» атты шығармашылық кеш өтті. Әдеби кешке Қазақстанның көрнекті жазушылары Дулат Исабеков, Бексұлтан Нұржек, Смағұл Ылубай, Халықаралық қазақ ПЕН клубының президенті, белгілі жазушы және журналист Бигелді Габдулин, белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, студенттер мен оқытушылар қатысты. Іс-шараға «Бизнес-технологиялар» кафедрасының аға эдвайзері Маликова Р.М., эдвайзерлер Болтаева А.Ж., Абишева Қ. және «Логистика» мамандығының 2 курс студенттері қатысты.
Жарияланым авторы: Бейжанова Анара Турсыналиевна
13.10.2019ж. «Салауатты өмір салты» жобасы аясында»
«Бизнес-технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы Ахметова З. Б. ЭжБЖМ «Логистика» және «Маркетинг» мамандықтарының 2-4 курс студенттерімен тауға шығып, Бутаковка шатқалына барды.
Жарияланымның авторы: Баймуханбетова Эльмира Есенбековна
10.10.2019 жылы «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында
«Бизнес-технологиялар» кафедрасының аға эдвайзері, аға оқытушы Маликова Р. М. «Логистика» мамандығының Л16к2 тобының 4-курс студенттерімен бірге Ғ.Мұсрепов атындағы Жас көрермендер театрына барып «Ғабит» спектаклін тамашалады.
Жарияланымның авторы: Баймуханбетова Эльмира Есенбековна
09.10.2019 жылы «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында
«Бизнес-технологиялар» кафедрасының аға эдвайзері, аға оқытушы Маликова Р. М. және аға оқытушы Абдикул Ш. Н. ЭжБЖМ «Маркетинг» мамандығының М16к тобының 4-курс студенттерімен Ғ.Мұсрепов атындағы Жас көрермендер театрына барып «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» спектаклін тамашалады.
Жарияланымның авторы: Баймуханбетова Эльмира Есенбековна
Тіл - достық пен татулық тірегі
1 қазан 2019 ж. Экономика және бизнес жоғары мектебінің «Бизнес - технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, аға эдвайзер Маликова Рилла Маликовна «Логистика» мамандығының 4 курс студенттерімен «Тіл - достық пен татулық тірегі» атты ашық эдвайзерлік сабақ өткізді. Эдвайзерлік сабақ тіл, достық, татулық бағытында өтті.
Жарияланымның авторы: Абишева Кыз-Жiбек Жанбек кызы